Версия для слабовидящих

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес -2020» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 40 шаруа қожалығы тіркелген. Тіркелген шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Тараз қаласы бойынша 2015 жылға 3 шаруа қожалықтары  29 тонна аммиак селитра минералды тыңайтқыштарын және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау   арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды,  жанар-жағармай материалдарының және  көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына» сәйкес 3 шаруа қожалықтары жалпы көлемі 543800 теңге көлемінде субсидия алды.

2016 жылға Бұқаралық ақпарат құралдарында субсидияланатын тыңайтқыштарды алуға құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы ақпарат жарияланды. Өтінімдер мен құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында өнім өндіруге жұмсалған шығындарының 40 пайызын субсидиялау бағыты бойынша қалада тіркелген сүт өндіруші «Галеника» және «Көкжиек-2030» ЖШС-тері 83 млн. 700 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды.

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетілігін және өнімділігін арттыру мақсатында қала аумағында орналасқан «Рахима» ШҚ-ы 0,37 га жерге жылыжай салу үшін Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы 30 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізді.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіле береді.

 

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау