Версия для слабовидящих

Қаладағы эпизоотиялық жағдай туралы

2016 жылдың 1 қаңтарына Тараз қаласы бойынша 4000 МІҚ, 10000 УАҚ мал, 1500 доныз, 600 жылқы, 10 түйе, 23000 ит, 2000 мысық және 32500 үй құстары тіркеуге алынды, 2015 жылмен салыстырғанда 500 МІҚ малы азайып отыр.

2015 жылы эпизотияға қарсы жұмыстар жүргізуге республикалық бюджеттен  8 млн. 366 мың теңге бөлініп, жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау және диагностикалық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, 100 пайызға орындалды. Ал,  2016 жылы 10 млн. 600 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде,  бүгінгі күні  аусыл ауруына қарсы 3700 МІҚ, 6370 УАҚ, 400 шошқа, сібір жарасына қарсы 2850 МІҚ,  5700 УАҚ, 300 жылқы, 300 шошқа, лептоспироз ауруына қарсы 2000 МІҚ, 400 жылқы, 200 шошқа, сүйел (эктима) ауруына қарсы 1000 УАҚ, құс тұмауына қарсы 24000 үй құстарына   вакцина егіліп, сонымен қатар құтыру ауруына қарсы  6150 итке  вакцина егіліп, туберкулез ауруына 3800 МІҚ, 100 шошқа, сап ауруына 100 жылқы,  бруцеллез ауруына 1547 МІҚ,  1941 УАҚ, 50 шошқа, 10 түйе, 70 ит тексерілді.

2014 жылы 29 МІҚ, 41 УАҚ  малдан, 2015 жылы 2 МІҚ, 40 УАҚ малдан, 2016 жылдың қазіргі уақытына 24 УАҚ, 3 МІҚ малдан бруцеллез ауруы анықталған. Барлығы, ветеринариялық талаптарға сәйкес, санитарлық жолмен сойылып, шұжық цехына қайта өндеуге жіберілді, 14370 м² аумаққа лажсыздан дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы 20 адам, 2015 жылы 30 адам бруцеллез ауруымен ауырған, 10 адамға көбейген.

2015 жылдың 5 айында 5 адам ауырған болса, 2016 жылдың осы уақытта 3 адам ауырғаны тіркелді, 2 адамға азайып отыр.

Туберкулез ауруымен ауырғандар саны  2014 жылы 88 адам болса, 2015 жылы 91 адам, 2016 жылы  5 айында  10 адам ауырғаны тіркелді.

Бұл ауырған адамдардың ішіндегі малы барларының барлығынан қан алынып  тексерілген, бірде-бір ауру мал анықталмаған, яғни малдан жұғу фактілері болған жоқ.

         Конго-Қырым  қанды безгегінің алдын алу шаралары бойынша, ветеринариялық мамандар бүгінгі күнге дейін 9621 ауланы аралап, 4000 МІҚ, 10000 УАҚ, 1500 шошқа, 600 жылқы  клиникалық байқаудан өткізді, тұрғындарға мал қораларына және ауылшаруашылық жануарларына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бұған қажетті құрал-жабдық жеткілікті, кәсіпорында 2 ДУК автокөлігі, 4 ранцевый залалсыздандырғыш бар.

Бірдейлендіру жұмыстарына тоқталсақ, 2015 жылға 1200 мүйізді ірі қара, 3000 УАҚ мал, 400 шошқа малдары, 100 жылқы  бірдейлендіру жоспарланған, алайда бірдейлендіру жұмыстары атрибуттар келмеуіне байланысты жүргізілген жоқ .

2016 жылы 1800 МІҚ, 3200 УАҚ, 109 жылқы, 800  шошқаны бірдейлендіру жоспарланып,  қазіргі кезде 2687 МІҚ, 3200 УАҚ, 800 шошқа, 41 жылқы  бірдейлендіруден өтті,  барлығы комьпютерлік базаға енгізілді. Бірдейлендіру жұмыстарына 4 комьпютер «Тараз қаласы әкімдігінің ветеринариялық қызметі» МКК-да жұмыс істеп тұр, интернет жүйесіне қосылған.

Жаңадан Тараз қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары дайындалып, Жамбыл облысы мәслихатының бекітуіне ұсынылды.

Қаладағы  қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап -жоюмен «Тараз қаласы әкімдігінің ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысуда, материалдық базасы, қаражаты жеткілікті, 3 бригада жұмыс істеуде, 3 автокөлігі, 4 пневматикалық мылтық, 4 тор лақтыратыны бар.   Тапсырыстар қабылдайтын диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған, ұсталған жануарларды залалсыздандыратын мал дәрігері бекітілген.

2015 жылға 10 млн. тенге қаражат бөлініп,   13207 қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды, ал 2016 жылға 12,5 млн.тенге қаражат бөлінді, бүгінгі күнге дейін 5551 қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды.

2014 жылы құтыру ауруына шалдыққан 2 ит және 1 мысық тіркелген болса, 2015 жылы 1 бас мүйізді ірі қара, 2016 жылы осы уақытқа 1  қаңғыбас ит тіркелді.

2015 жылы құтыру ауруына қарсы 2500 мүйізді ірі қараға, 600 жылқыға, 23000 итке, 2000 мысыққа вакцина егілді,ал 2016 жылға 2500 МІҚ, 2000 уақ мал, 600 жылқы, 23000 ит, 2000 мысықты вакцинациялау жоспарланды, бүгінгі күнге дейін 6150 итке вакцина егілді.

2014 жылы иттердің адамдарды тістеу 1917 оқиғасы тіркелсе, 2015 жылы  2109 адам иттерден зардап шеккен, 2015 жылдың 5 айында 437 оқиға тіркелсе, 2016 жылдың осы мерзімінде 393 адам иттерден зардап шеккен, болмаса 44 адамға аз.

Тараз қаласы бойынша Тектұрмастағы қорымдар аумағында екі «Беккер» шұнқыры жұмыс істейді, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай, тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Егеуқұйрықтармен күресуге, 2015 жылға 6,0 млн. тенге қаражат бөлініп, 673 көпқабатты үйлердің жертөлелері, 50 қоқыс тастайтын контейнерлерге, жалпы көлемі 750000 м² дератизациялау жұмыстары жүргізілді.

2016 жылға 16,0 млн. тенге қаражат бөлініп, «Халықтың Денсаулық орталығы» ЖШС мекемесі  көпқабатты үйлердің жертөлеріне жалпы көлемі  918980м² дератизациялау жұмыстарын жүргізді, алдағы уақытта 2-ші турды бастайтын болады.

Бөлім мамандары тарапынан Тараз қаласы аумағында ішкі сауда обьектілері мен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обьектілерінде күнделікті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуде.

Тараз қаласында ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды алдағы уақытта да атқара беретін боламыз.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                    С.Жұманқұл

 

 

 

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау