Версия для слабовидящих

«Құмшағалда» жаңа мектеп ашылды

Бүгін Тараз қаласы Құмшағал алқабында жаңа 300 орындық мектеп ашылды. Мектептің салтанатты ашылуына өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Мектептің құрылысын мердігер ЖШС «Ник Тараз» 2015 жылы бастады. Оқу орнында 67 оқытушы жұмыс істейді. Ғимарат барлық қажетті материалдық-техникалық базасымен жабдықталған. Жобалық сметалық құны 746 млн. 348 мың теңге құрады.
Білім жүйесін қаржыландыруға биылғы жылы 18 млрд 485 млн теңге қарастырылған, бұл 30,7% былтырғы деңгейден жоғары( 2015 жылы 14 млрд 143,7 млн теңге).

Білім саласының 8 нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге  қазынадан 1 млрд 224 млн теңге қарастырылды (6 мектеп,3 балабақша).

Сонымен қатар 10 білім мекемесінде 114827 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді ( , 6 мектеп,3 балабақша,  1 қосымша білім  беру ұйымы).

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін 2016 жылы 1-8 сыныптарға бюджеттен 1 млрд. 78 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді.
Мектеп жоқ елді мекендерде тұратын балалар тасымалдаумен толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта «Бақытты балалық шақ аумағы» ұранымен өтіп жатқан дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның кезінде тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамты үшін жергілікті бюджет есебінен және демеушілер арқылы көмек көрсетілуде.

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау