Версия для слабовидящих

Жаңа жүйеде жаңалық көп

ҚР Білім және ғылым министрлігімен  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын енгізу аясында жаңартылған білім беру мазмұнына сатылай көшу орындалып жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде барлық мектептердің 1-ші сыныптары жаңартылған мазмұндағы білім беру стандарты бойынша оқиды.

Білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі қарсаңында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ы Жамбыл облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру мәселелері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.  Оған мектеп директорлары, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау  бойынша Тараз қаласының                                                                                                                 А. Пушкин атындағы №41 көп салалы гимназиясының, Т. Рысқұлов ауданының №1 мектеп-лицейінің пилоттық мектептерінің директорлары, облыстық, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің  әдіскерлері қатысты. Жиынның мақсаты ҚР бастауыш білім берудің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ендірудің мәселелері мен болашақ өрісін анықтап, пилоттық мектептердің білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру бойынша тәжірибесімен таныстыру болып табылды. Сондай-ақ,  облыстың білім беру ұйымдары жетекшілерінің білім берудің желішілік өзара әрекеттестігін дамытуға ықпал етуді көздеп отыр.

Шарада «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры, п.ғ.к., қауымдастық профессоры Ғалия Сыздықбаева 2016 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында аталмыш бағдарлама бойынша облыстың 2692  мұғалімі біліктілігін арттырғанын алға тартты.  Курстармен қатар, түрлі сұрақтарды талдау мақсатында ақпараттандыру іс-шараларын өткізіп, Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын енгізу және орта білім мазмұнын ішінара жаңарту бойынша 2015-2016 оқу жылында пилоттық мектептер ауқымды жұмыс атқарғанын сөз етті. Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы №41 көп салалы гимназияның директоры Жамиля Төребекова:

— 2015 жылдың қыркүйегінен бастап, мемлекетіміздің 30 мектебі, соның ішінде біздің мектепте тың бағдарлама, жаңа оқулықтар  бойынша, оқу жетістіктерді критериалды бағалау жүйесі бойынша оқыды. Оқыту нәтижесінде, оқушылар сабаққа белсенді араласып, олардың оқуға деген ынта-жігері, қызығушылықтары артты. Топпен және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушылар өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білді. Бір-бірін бағалау дағдысын қалыптастырды,- деді.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау