Версия для слабовидящих

Жемқорлықпен күресу — қоғамдық іс

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам», Бес институционалдық реформасының аясында, «Нұр Отан» партиясының бастауымен елімізде жүргізіліп жатқан «Жемқорлық — індет, оны жою — міндет!» атты бастама халықтың шын көңілінен шығып, бүкіл халықтық қолдауға ие болуда.

Осы бастама көтерілгелі бері,Тараз қаласының мемлекеттік архивінде біраз жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, әрбір жоспарлама немесе кезекті жұмысшы жиын болмасын, жемқорлық мәселесі әңгіменің негізгі өзегінің бірі болып отырады. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен осы тақырыпқа арналған еңбек ұжымында бірнеше тақырыптық кештер мен семинарлар, заңгерлермен кездесулер, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық инженерлік ғылымдар академияларының академигі Сағат Жеңісбековтің қатысуымен бірнеше арнайы әңгімелер өткізілді. Халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуді өздерінің төл міндеті санайтын архившілер әрқашанда «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын жоғарғы дәрежеде жүргізуді өздерінің басты борышына айналдырған. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мемлекеттік архив мекемелерінде негізінен ақысыз жүргізіледі, осы қағиданы мүлтіксіз орындау — әрбір архившінің басты парызы. Сондықтан бұл іс — ардың ісі, мекеменің атақ-абыройын асыратын да, дақ салатын да іс! Өткен 2015 жыл мен биылғы 2016 жылдың жарты жылдығында бірнеше  адамға мемлекеттік қызмет стандартын көрсету жүзеге асырылды.

Тараз қаласының мемлекеттік архиві 2015 жылдың қаңтарынан бері қарай облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлының қамқорлығымен жаңа ғимаратқа қоныс аударғалы бері өз жұмысын барынша қарқынды жүргізуде. Біз мемлекеттік орган — облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан өзімізге көрсетілген осындай қамқорлық пен артылған сенімге тиісті ісімізбен жауап беруді мақсат санаймыз. Биылғы 2016 жылы архив мекемесіне жаңа үлгідегі жиналмалы темір сөрелері қойылып, құжаттарды сақтау мен физикалық жай-күйін барынша жетілдіруге қолайлы жағдай жасалды. Осы жарты жылдықтың өзіне бірнеше жаңа қор ашылып, архивке құжаттар қабылданып жатыр.

Алдағы уақытта да Тараз қаласы мемлекеттік архивінің қызметкерлері өздеріне берілген қызмет құқықтары аясында жемқорлықпен күресті одан әрі жалғастыра отырып, мемлекеттік қызмет стандартын барынша жетілдіретін болады.

 

Бақыткүл Абдыкаримова,

Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры.

 

 

 

 

 

 

 

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау