Версия для слабовидящих

Инновациялық жобалар ауқымды

Облыс орталығында өткен үш тоқсанда 145,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

 

Қала әкімі Нұржан Календеровтің қатысуымен шаһардың әлеуметтік-экономикалық тіршілігі жан-жақты қаузалған басқосуда 9 айда жеткен жетістіктер де айтылды. Онда қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Сарытай хабарлама жасады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала кәсіпорындары 145 миллиард 555,3 миллион теңгенің өнімдерін өндірген. Физикалық индекс көлемі 100,1 пайызды құрапты. Яғни, қала кәсіпорындары өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. 733,4 млн. теңгеге (2015 жыл – 121 821,9 млн. теңге)  артық өнім өндірген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 399,6 мың теңге болып қалыптасты (2015 жылы – 337,6 мың теңге).

– Ағымдағы жылы құны 11,1 млрд. теңгені құрайтын 5 индустриалдық жобаны іске асыру                                                                                                   жоспарланып отыр. Онда 95 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Қалада 31 003 кәсіпкерлік  субъектілері тіркелсе, оның ішінде 25 661-і жеке кәсіпкер,  5369-ы шағын және 33-і орта кәсіпорын субъектілері. 5369 шағын бизнес кәсіпорындарының 3001-і жұмыс істейтіндер немесе 56,0 пайыз, оның ішінде 1498-і белсенді кәсіпорындар немесе 27,9 пайызын құрайды. Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 14 млрд. 15,2 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен  өндірілген өнімнің көлемі  9,6% болды, – деді бөлім басшысы.

Сондай-ақ облыс орталығында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі бойынша 64 жоба 14 млрд. 952 млн. теңгеге аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылыпты. Бағдарламаның грант тетігі бойынша инновациялық бизнес ойлап тапқан 8 кәсіпкерге 3 млн. теңгеден қайтарымсыз қаржы бөлінген.

—   Жыл басынан бері уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға жалпы 4909 адам өтініш білдірсе, оның 3907 азаматы уәкілетті органмен тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал Тараз қаласының 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейде сақталған. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан экономиканы ынталандыру мақсатында бірқатар шаралар жүргізілуде. Қаламыздың экономикасының өсуіне салынып жатқан құрылыс нысандарының оң ықпалын айтуға болады. Сондықтан алдағы уақытта бөлінген қаржылардың толық және сапалы игерілуін, нысандарды уақытылы іске қосылуы және тағы басқа да жұмыстар бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бірге атсалысып жұмыс жасауымыз қажет, — деді Қайсар Сарытай. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала әлеуетінің артуы тың нәтижелерге жетелейтіні анық.

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау