Версия для слабовидящих

Пәтер алу шарты түсіндірілді

Таразда әлеуметтік аз қамтылғандарға жалға берілетін көлемі 50 шаршы метрлік пәтерді сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 мың теңгені құрайды. Мұның ипотекадан айырмашылығы бастапқы жарна қажет емес және 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғындардың меншігіне айналады.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының барысы жөнінде кеңінен айтылды.  Жиынға «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ысқақ Әдiлбек, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарушы директоры А.Құртаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Талғат Жақсылықов және  БАҚ өкілдері қатысты.

— «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелерімен бөліскіміз келеді. Елбасы біздің азаматтарымыз елдің кез келген өңірінде толыққанды тұрып, еңбек етуі үшін қазақстандықтарды қолжетімді бас-панамен қамтамасыз ету міндетін қойғаны белгілі. Бұл үшін «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ы бағдарламаның кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлер салу бағыты бойынша операторларының бірі ретінде 113 млрд. теңге қаражат бөлді. Тағы 67 млрд. теңге қоғамға жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін бөлінді.

Бүгінгі күні акционерлік қоғам Тараз қаласында 395 пәтер салуға жеке құрылыс салушылармен 5 инвестиция шарттарын жасасты. Сөйтіп, 2016-2017 жылдары біз Жамбыл облысында 22,5 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысын жоспарлап отырмыз. Қазір Тараз қаласының «Арай» тұрғын үй алқабында  6 көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінің құрылысы аяқталуда. Бұл үйді пайдалануға беру қараша айына жос-парланып отыр. Желтоқсанда алғашқы 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа пәтерлерге қоныстана алады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында осы ықшам ауданда тағы 315 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Пәтерлерді өткізу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй сатылады және жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдар арқылы бөлінеді. Банктің салымшылары үшін бір шаршы метрдің құны 131 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алуға кезекке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға беріледі.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ бүгінгі күні Қазақстанның 14 өңірінде тұрғын үй объектілерінің құрылысын инвестициялауға жалпы жиынтығы 44 шарт жасасты.

Біз 2016-2017 жылдарға республика бойынша 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлерді немесе 11 000-нан астам пәтерлерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша, тек «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық отбасы кепілді түрде тұрғын үйге ие болады, — деді «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның басқарушы директоры.  Жиын соңында БАҚ өкілдері сұрақтар қойып, түсінікті  жауаптар алды.

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау