Версия для слабовидящих

МӘМС бойынша түсіндірме жұмыстары

2016 жылдың 4 қарашасында бекітілген «Тараз қаласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында халық арасында 2016 жылы үгіт-насихат жүргізу жоспарына» сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесі әзірленіп, бүгінгі күнге жалпы 17 жиналыс өткізілді. Жалпы жиналысқа қатысқан адам саны 1000.

Оның ішінде әлеуметтік саладан 3 мекемеде (Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімделу орталығы), білім беру саласынан 7 мектепте (№37 орта мектеп, №5 мектеп-гимназия, №12 мектеп-гимназия, №18 орта мектеп, №14 орта мектеп, №43 орта мектеп, №51 орта мектеп) және Тараз қаласы әкімінің ғимаратында қалалық бөлімдердің қатысуымен 2016 жылдың 7-15 қараша күндері аралығында өтті.

Сонымен қатар, МӘМС бойынша түсіндірме жұмыстары қаланың 1-аумақ, 5-аумақ тұрғындарына және «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғамдық жұмысқа қатысушыларына 2016 жылдың 23-28 қараша күндері аралығында өтті. Ал 09.12.2016 жылы қаладағы кәсіпорындар мен өнеркәсіп басшыларына және есепшілеріне, 20.12.2016 жылы саңыраулардың қазақ қоғамы «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінде мүгедектер мен мүгедектердің жеке көмекшілеріне түсіндірме жұмыстары өткізілді.

МӘМС бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Б.Исмаханбетов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қалалық бөлімінің басшысы С.Қасмақасов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің маманы Д.Бурханов және т.б. қалалық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын өткізді.

23 қараша күні сағат 18.00-де «77 ТВ» коммерциялық телеарнасының кешкі «Жаңалықтар» топтамасынан Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Б.Исмаханбетов және оның орынбасары Қ.Құрманалиеваның МӘМС бойынша сұхбаттары көрсетілді.

25 қараша күні сағат 17.55-те «Қазақстан-Тараз» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасынан тікелей эфирде №2 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу және сауықтыру жөніндегі орынбасары Ғ.Араповтың және Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің аудит жөніндегі орынбасары С.Жұмашевтың аталған мәселе бойынша сұхбаттары қазақ тілінде ұйымдастырылды.

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қоғамдық жұмысқа қатысушыларына өткен жиын ағымдағы жылдың 29 қарашасында сағат 18.00-де «77 ТВ» коммерциялық телеарнасының кешкі «Жаңалықтар» топтамасында көрсетілді. Сонымен қатар, «Жамбыл-Тараз» газетінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №48 (1336) санында «Спрашивайте-отвечаем» атты мақала жарияланды.

Сондай-ақ, қаламыздың Төле би және Тәуке хан көшелерінің бойында билбордтар ілінді.

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау