Версия для слабовидящих

ЖАҢҒЫРУДЫҢ КЕЗЕҢІ БҮГІННЕН

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтің төрағалығымен өткен жиында көпшілік «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Үндеуіне қолдау білдірді.

Онда Мұратхан Жүнісәліұлы: «2017 жылдың 10 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, Қазақстанның жаңа экономикалық-әлеуметтік жаңғыруының іргетасын қалады. Осы күні жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтіп, Үндеу қабылдады. Бүгінгі біздің коалиция отырысының күн тәртібінде – «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Үндеуіне қолдау білдіру. Бүгінгі кездесуіміз тарихта қалары сөзсіз. Баршаңызды мемлекетіміз үшін маңызы зор оқиға – жаңа Конституциямыздың қабылдануымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бір ай бойы облысымызда заңға өзгертулер енгізу бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді. Қаншама кездесулер өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде және әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер берілді. Осы жұмысқа барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар белсене атсалысып, түрлі жұмыстар жүргізді. Конституциялық реформаны талқылау бойынша желілік кесте жасалынып, соның негізінде барлық сала өкілдерін қамтитын түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін спикерлер пулы жасақталып, кездесулер өткізді. Әлеуметтік желілерде блогерлер жұмыс жүргізді. Газет беттерінде 868 материал жарияланып, телеарналардан 102 сюжет көрсетілді. ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін облыс тұрғындары арасында талқылау бойынша 26 қаңтардан 26 ақпанға дейін арнайы желілік кестеге сәйкес, 254 836 адамды қамтыған 1455 шара өткізілді. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен 67 шара ұйымдастырылып, оған 5 925 адам қатысты. Конституциялық реформаға байланысты өткізілген шараларда 70-тен астам ұсыныс түсті. Оның ішінде мағынасы жағынан ұқсас ұсыныстар топтастырылып, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына 12-сі жолданды» – деді. Сондай-ақ жиын барысында сөз алғандар қатарында әлеуметтану ғылымдарының докторы, «Talas investment company» ЖШС бас директоры, сарапшы Бахтияр Алдашов, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы директоры, аймақтық коалицияның мүшесі Қарлығаш Аралбекова, заң ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Заң» факультетінің деканы, сарапшы Қайрат Нұрманбетов, «Ақ жол» демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, аймақтық коалицияның мүшесі Сейсегүл Әбдісаттарова, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Мейірім» медициналық орталығының директоры, аймақтық коалицияның  мүшесі Гүлдара Нұрымова, «Жамбыл облыстық мониторинг және қоғамдық бақылау» қоғамдық қорының президенті, аймақтық коалицияның мүшесі Серікбол Берікқожа саяси құжатқа байланысты ойларын ортаға салып, құжаттың маңызы мен мазмұнын тарқатты.

Be the first to comment

Leave a Reply

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау