Версия для слабовидящих

Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлігі

«Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік қызметшілерге ісқағаздарын сауатты жүргізуге, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді, ҚР Тіл туралы заңының орындалуын түсіндіруге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік жобасының шеңберінде «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілердің ресми ісқағаздарды сауатты жүргізуі — заман талабы» тақырыбында теориялық және практикалық шеберлік сыныбын өткізді.

Іс-шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Бектенқызы Боранбаева ашып, жүргізлі. Одан әрі, шеберлік сыныбын республикаға танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы, профоссор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шерубай Құрманбайұлы жалғастырды.

Шараға қала әкімдігінің аппараты мен бөлім басшылары және кеңсе мамандары, қалалық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер қатысты. Шеберлік сыныбында қазіргі қоғамдығы мемлекеттік тілдің мәртебесі, қолданылыс аясы және көп кететін зкемшіліктер сөзге тиек етілді.

Ш.Құрманбай ұлы екі сағатқа созылған шеберлік сыныбында ресми стилистиканың маңызы мен рәсімделу тәртібін және ондағы негізгі талаптар мен ережелерді практикалық тұрғыда жекелей тоқталып өтті. Қатысушылар көкейде жүрген маңызды сұрақтарын ортаға салып, оларға тұшымды жауаптар ала алды.

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау