Версия для слабовидящих

Заманауи мектеп және латын алфавиті

Латын әліпбиіне көшу – бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер  кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара.

Негізінде қоғамға әсіресе, жастарға көптеген жетістіктерге қол жеткізетіндігін, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы нығая түсетінін, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатындығымызды, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екендігін анық түсіндіруіміз қажет.

Осыған орай, ағымдағы жылдың қазан айында қаланың барлық орта мектептерінде «Заманауи мектеп және латын алфавиті» тақырыбында 7-9 сынып аралығындағы оқушылар арасында ашық сабақтары өткізілді.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау