Версия для слабовидящих

ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҚОЛДАНУДЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА!

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар және 8-10 сынып оқушылары қатысты.

 

Дөңгелек үстелде тарих пәнінің мұғалімі М.Орманова «Латын әліпбиі – өркениет кілті», мектеп кітапханашысы Г.Жұмабекова «Латын әліпбиіне көшу – үлкен мәдени, рухани қадам» және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Аширова «Латын әліпбиіне көшу –                                                                                                               қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыптарында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына  кеңінен тоқталды. Іс-шараға қатысушылар латын әліпбиін қолдануды насихаттау мақсатында  ағымдағы жылдың 11 қарашасынан бастап 11 желтоқсан аралығында  «Латын әліпбиін қолдануды өзіңнен баста!» атты акция жариялау туралы ұсыныс жасады. Акцияға мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары қатысады. Акция мазмұны бойынша ұстаздар мен оқушылар латын графикасын қолданып, әлеуметтік желілер (В контакте, Whatsapp, Facebook, Instagram т.б.) арқылы бір-біріне хабарламаны латын графикасы негізінде  жазады.  Желтоқсан айының соңына қарай акция қорытындысы шығарылып, белсенділік танытқан қатысушылар марапатталатын болады. Және іс-шара жалғасын табады.

 

Шолпан Эркинбекова,

№49 мектеп-гимназия директорының

бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау