Версия для слабовидящих

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының

 көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                 30қаңтар2018 жыл

сағат 16.00

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

 

С.Мырзалиев — Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, №8 сайлау округінің депутаты;
Жұмыс тобының мүшелері:

 

А.Асқарбеков — №4 сайлау округінің депутаты;
Ғ.Мадимаров — №12 сайлау округінің депутаты;
Ж.Бөлекбаев — №16 сайлау округінің депутаты;
А.Биназаров — №20 сайлау округінің депутаты;

 

Жұмыс тобының хатшысы:

А.Құдайбергенова — Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Шақырылғандар:

Б.Құлекеев Тараз қалалық мәслихаты хатшысы;
Ж.Жексембиев №17 сайлау округінің депутаты;
Э.Мырза-Ғали №19 сайлау округінің депутаты;
А.Қайназарова №24 сайлау округінің депутаты;
К.Олжабай Тараз қаласы әкімінің орынбасары;
Е.Ермағанбетов Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы;
Е.Жолбай Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы;
Б.Тоқсанбаева Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Ұ.Сламбекова Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат  бөлімінің басшысы;
Н.Жұмағұлов Тараз қаласы әкімі аппаратының №1 округінің бас инспекторы;
Ә.Қанаев Тараз қаласы әкімі аппаратының №2 округінің бас инспекторы;
Б.Баудинов Тараз қаласы әкімі аппаратының №3 округінің бас инспекторы;
А.Түсіпов Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

 

Қ.Бекболатов Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы;
А.Смайлов

Қ.Абдуллаев

С.Әбдікерімов

Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің мүшелері;
З.Құламанова М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті, «Филология» ғылымының кандидаты, ономаст;
Қала тұрғындары;

БАҚ өкілдері:JAMBYL телеканалы, «Жамбыл-Тараз» газеті.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес жәнеТараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғниТараз қаласындағы кейбір көшелерді қайта атаутуралы ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы ұйымдастырып отыр.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ленин көшесі және бұрылыстарын Бейбітшілік деп қайта атау туралы.
  2. Ф.Достоевский көшесін Бердіқожа батыр есімімен қайта атау туралы.
  3. Кольцевой өткелін Қордай батыр есімімен қайта атау туралы.

 

         Күн тәртібіндегі: «Ф.Достоевский көшесін Бердіқожа батыр есімімен қайта атау туралы» және «Кольцевой өткелін Қордай батыр есімімен қайта атау туралы» ұсыныс, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы 2 наурыздағы  №17-388-5 бұрыштамалық тапсырмасына сәйкес нысандарға, әкімшілік-аумақтық   бірліктер   және  олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек қана өңірдегі идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи  жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен  өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылғандығы туралы тапсырмасына сәйкес,жұмыс тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша қараусыз кері қайтарылып,күн тәртібінен алынып тасталды.

 

Күн тәртібіндегі «Ленин көшесі және бұрылыстарын Бейбітшілік деп қайта атау  туралы» мәселе бойынша баяндама жасау үшінсөз,Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенқызы Тоқсанбаеваға берілді.

Б.Тоқсанбаевның бяндамасы:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы    2 наурыздағы  №17-388-5 бұрыштамалық тапсырмасына сәйкес нысандарға, әкімшілік-аумақтық   бірліктер                              және  олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек қана                         өңірдегі идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи                            жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі                                   атаулармен  өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылған.

Осыған орай, Ленин көшесін және 1,2-бұрылыстарын Бейбітшілік көшесі және 1,2-бұрыстары деп қайта атау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының   пікірін ескеру қағида» талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, Сіздердің қарауларыңызға ұсынып отырмыз.

Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттары жинақталып республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

 

Көшенің бұрынғы атауы Жобаланған жаңа атау Мағынасы Көшенің ұзындығы
1. Ленин көшесі Бейбітшілік Бейбітшіліктыныштық, татулық дегенді білдіреді. 2928 метр
2. Ленин көшесінің

1-бұрылысы

Бейбітшілік көшесінің

1-бұрылысы

639 метр
3. Ленин көшесінің

2-бұрылысы

Бейбітшілік көшесінің

2-бұрылысы

138 метр

 

Тараз қаласындағы Ленин көшесін, Ленин көшесінің 1,2-бұрылыстарын  Бейбітшілік  көшесі, Бейбітшілік көшесінің 1,2-бұрылыстары деп қайта атауға байланысты Ленин көшесі бойынша жиналысқа қатысқандар саны-141, қолдау көрсеткендер саны-123, қарсы болғандар саны-9, қалыс қалғандар саны-9, жалпы үйлердің саны-178.

Ленин көшесінің 1-бұрылысы бойынша жиналысқа қатысқандар саны-28, қолдау көрсеткендер саны-23, қарсы болғандар саны-1, қалыс қалғандар саны-4, жалпы үйлердің саны-40.

Ленин көшесінің 2-бұрылысы бойынша жиналысқа қатысқандар саны-6, қолдау көрсеткендер саны-5, қалыс қалғандар саны-1, жалпы үйлердің саны-6.

         Көпшілік тыңдауға қатысушылар, баяндаманы талқыға салды. Ұсыныстар, пікірлер айтылып сұрақтарқойылды.

 

 

Сөз сөйлегендер:

  1. Ғ.Мадимаров – Ленин көшесі мен бұрылыстарында жалпы үй саны 224, оның ішінде дауыс беру құқығы бар 400 адам тұрады. Ал, Тараз қаласында 400 мыңдай тұрғын бар. Осыған орай, тек қана көше тұрғындарының ғана емес, бүкіл қала тұрғындарының пікірін ескерген дұрыс деп есептеймін. 70 жылдық тарихы бар дәуірде барлығымыз өмір сүрдік. Сондықтан Ленин көшесінің атауын өзгертуге қарсымын.

2.А.Түсіпов – Барлығымыз социализмде өстік, тудық, тәрбие алдық және В.И.Лениннің идеологиясымен өмір сүрдік. Өзіміздің тарихымызды ұмытпауымыз керек.

        

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі«Ленин көшесі және бұрылыстарын Бейбітшілік деп қайта атау  туралы» мәселе бойынша шешім қабылдау үшін дауысқа қойылды.

Қолдағандар —   жоқ .  Қарсы –5 . Қалыс — жок.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Тоқсанбаеваның баяндамасы назарға алынсын.

  1. Тараз қаласындағы Ленин көшесі және бұрылыстарын Бейбітшілік көшесі деп қайта атау беру туралы ұсыныс кері қайтарылып, қараудан бас тартылсын.
  2. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі                              С.Мырзалиев

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

А.Асқарбеков

 

Ж.Бөлекбаев

 

Ғ.Мадимаров

 

А.Биназаров

 

Жұмыс тобының хатшысы:

 

А.Құдайбергенова

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау