Версия для слабовидящих

Жаңа әліпбиде тиімділік бар

Ұлттың жаны – тіл. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Қазіргі заманғы технологиялық орта, коммуникация ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесі латын әліпбиі негізінде өркендеп отыр. Сондықтан осы салаларда әлемнің озық елдерінде болып жатқан үдерістерден қалмау үшін қазақ әліпбиі де соған сай болуы тиіс»  – деп атап көрсетті.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясы бекітілді. Жаңа нұсқа бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде 32 таңба бар, апострофтар алынып тасталып, бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды.

Соңғы нұсқада бұрынғы апострофпен белгіленген 9 әріптің 6 қазақша төл әрпі үстіне ноқат қойылумен таңбаланды.  Екі әріп  Sһ (ш), Cһ (ч) диграфпен пайдаланатын болды.  Қазақша  І, і әріптері  латын графикасындағы осы таңбалармен белгіленеді. Елбасымыз  латын графикасының жаңа нұсқасын жасауда ғалымдардың, қоғамдық ұйымдардың, тіл мамандарының, жалпы барша халықтың құнды ұсыныстарын, ой-пікірлерін ескеру арқылы маңызды шешім қабылдап отыр.

Латын әліпбиіне өту  – рухани тәуелсіздікке жасалған болашағы зор жарқын қадам!

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа өзгертулер енгізілген  нұсқасы қолданыста өте тиімді болады деп ойлаймын.

Елбасымыздың Жарлығымен жаңа нұсқада бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі  әліпбиі мемлекеттің негізгі ресми әліпбиі  болып жарқын болашағымызға қызмет ететініне сенімдімін!

 

Жанар Орынбаева,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

 

 

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау