Версия для слабовидящих

Өзгерістер өркениет үшін

Латын әліпбиі туралы шешім қабылданғалы, қоғамдық көзқарастар бір арнаға құйыла бастады. Сан-сақты аралаған пікірлердің бір шешімі анықталды. Ол латын әліпбиі тілдік қатынастағы біршама мәселелердің шешімін табады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында терминдердің ретсіз аударылуын да латын әліпбиіне көшу арқылы шешуге болатынын айқындады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен жылдың желтоқсан айында ҚР ДІАҚМ Жастар саясаты департаментінің нұсқаулығымен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен латын графикасы негізінде қазақ тілі бойынша студенттерге жалпыұлттық диктант өткізілді. Диктант мәтіні Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиінде басылып шыққан «Жылдар мен ойлар» кітабынан алынды.

Мақсаты – студенттердің жаңа әліпбиге қызығушылығын анықтау, ондағы қиындықтарды ескеріп, алдағы уақытта сол бойынша іс-шаралар атқару. Нәтижесі де көңілімізге үміт ұялатты. Десек те, ағылшын тілінен жаттығып кеткен «ш», «ч»  әріптерінің таңбалануына келгенде студенттер «ш» әрпі мен «с» әрпінің таңбалануын шатастырып жатты. 2018 жылғы 19 ақпан  №637 қаулыға сәйкес екі әріптің таңбалануына өзгеріс енгізілді. Желтоқсан айында өткізілген жалпыұлттық диктант нәтижесі де осы әріптерді таңбалауда қиындықтар туындайтынын көрсетті. Әріптердің дәйектемесіз жаңаша таңбалануы осы қиындықтарды шешетінін көрсетіп отыр. Жаңа емлені дайындау барысында тіл мамандарына да осы нұсқа ыңғайлы нұсқа болып тұр.

Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді.

Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

 

Л.К.Омарқұлова,

 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

 

 

 

 

 

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау