Версия для слабовидящих

Тараз қаласында спорттық алаңша ашылды

Тараз қаласында  Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар » бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру  аясында заманауи спорттық алаңша  ашылды. Әмбебап спорттық алаңшаның өлшемі 24х40 шаршы метр, мұнда спорттық волейбол, баскетбол, шағын-футбол ойындарын ойнауға мүмкіндік жасалған. Тартандық төсенішпен жабдықталған Тараз қаласындағы бірінші спорттық алаңшада  бір мезгілде 25 бала қалаған  спорт түрімен айналыса алады. Балаларды спортқа баулитын 2 инстуктор ,жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз тізімінде тұрған азаматтар, түнде 3 қарауыл   кезекпен күзетеді.

Спорттық алаңша түнгі жарықпен жабдықталған.

Спорт алаңшасы ҚР Еңбек Ері Мұқаш Ескендіровтің жеке қаражатына салынған. Туған жеріне  сыйға тартқан спорт алаңшасы қалалының коммуналдық меншігіне берілді.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау