Версия для слабовидящих

Өтініш, талап текке айтылмайды

Тараз қалалық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутаты Серікбол Берікқожа сайлаушыларының алдында бір жыл бойына атқарған жұмысын қорытындылап, жоспарлармен бөлісті.

№21 орта мектептің мәжіліс залында өткен халық қалаулысының есепті жиынына «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков пен №10 округ тұрғындары қатысты. Басқосуда Серікбол Берікқожа атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып, онда Елбасы алдағы таяу жылдарға бірнеше нақты жоба ұсынып, қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру сынды ел дамуының жарқын үлгісін белгілейтін, алысты болжайтын көзқарастарымен бөліскендігін жеткізді. Бұдан өзге облыс орталығында іске асқан ілкімді істерді де алға тартты.

– Алдағы депутаттық қызметімде қойылған мақсаттың бірі республикалық, облыстық немесе қала бюджетінен бекітілген қаражаттардың тиімді игерілуін қадағалау мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының мәслихаттағы фракциясының тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде жол, тұрғын үй, коммуникация желілерінің орындалуына бақылау орнатып келеміз. Өткен жылдың ішінде №10 округ бойынша бірнеше көшелер күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілген болатын. Осы жылы да бұл үрдіс одан әрі жалғаспақ. Депутат ретінде осы аумақтын Мусоргский, Дзержинский, Кутузов көшелерін жөндеуге ұсыныс берілді, – деді Серікбол Қайратұлы.

Мәслихат депутатының есепті баяндамасынан кейін тұрғындарға сөз беріліп, олардың көтерген мәселелері назарға алынды. Олардың айтуынша, өткен жылы аталған аумаққа аялдамалар салыныпты. Дегенмен ол аялдамалар қоғамдық көлік жүрмейтін және көшелердің қиылысынан бой көтерген. Сондықтан тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып жатқан көрінеді. Сондай-ақ бірқатар көшелерде асфальттау мәселесі кезек күттірмейтін шаруалардың бірі екен. Бұдан өзге А.Байтұрсынов көшесінің бас жағында тұратын тұрғындар ауыз судан тарығуда. Тұрғындар жаңадан ашылған №8 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру жиілігін 10-15 минутқа дейін жеткізсе деген ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген осы мәселелер тікелей тұрғын-жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты. Сондықтан осы мәселелерге аталған бөлімнің өкілі болашақтар ескеретіндіктерін айтып, ретке келтіретініне сендірді.

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау