Версия для слабовидящих

Тест қорытындысына көңіл толады

2017-2018 оқу жылында 60 мектепті (орта-56, бастауыш-3, кешкі мектеп-1) 66 595 оқушы аяқтады. Оның ішінде 11-сыныпты 2414 оқушы (күндізгі мектептерде -2275, кешкі мектепте — 139) бітірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 15 маусым күні мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырылды. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесіне сай «Алтын белгі» мен үздік аттестат иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директоры бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік емтихандардың қорытындысы негізінде үміткер ретінде тіркелген 58 түлек «Алтын белгі», 29 түлек үздік аттестат иегері болды.

Жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 1659-ы өтініш білдіріп, оның 1642-сі  тестілеуге қатысты. Бұл көрсеткіш күндізгі мектеп бітірушілердің 72,1 пайызын (2017 жылы – 80,9 %) құрады. ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 1659 оқушының 4-еуі денсаулығына байланысты және 13-і шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты тестілеуге қатысқан жоқ. Қазіргі уақытта 75 оқушы жоғары оқу орындарына түсіп, оның 48-і мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды (Ресей – 62, Қырғызстан – 13). ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша шығармашылық емтихандар тапсыруды қажет ететін мамандықты таңдаған оқушылар екі пәннен тест тапсырды. Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы  84,29-ды құрады (2017 жылы – 78,6). 21 оқушы апелляцияға өтініш білдіріп, 18 оқушының өтініші қанағаттандырылып, 52 балл қосылды.

Білім мекемелерінің қатарындағы ең жоғары балл №45 гимназияда болып (104,06 балл),  №30 (101,08), №1 (100,12), №24 (98,68), №27 (94), №12 (93,25), №8 (92,15), №56(91,86), №5 (90,01), №48 (89,85) орта мектеп алғашқы 10 мектептің қатарына енді. Тест тапсырған түлектердің 24,1 пайызы, яғни 396 оқушы 100-ден жоғары балл алды (2017 жылы — 319). Ең жоғары көрсеткіш – 136 балл (№12 МГ – Ұлдана Әбілова).

«Алтын белгі» белгісінің 58 иегерінің 49-і (2017 жылы 49 үміткердің  44-і қатысты), 29 үздік аттестат иегерлерінің 28-і тестілеуге қатысты (2017 жылы 27 үміткердің 24-і қатысты). «Алтын белгі» иегерлерінің он бірі 100-ге дейін, отыз сегізі  100-ден жоғары, ал үздік аттестат иегерлерінің тоғызы 100-ге дейін, он тоғызы 100-ден жоғары балл алды. Жалпы алғанда көрсетілген санаттағы оқушылардың 74 пайызы 100-ден жоғары  балл жинады.

 

Мүбарак Жинақбаева,

 Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау