Версия для слабовидящих

Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы ерекше бақылауда!

Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын жауапкершілікке тарту туралы

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сот шешімімен күзетуді және өткізу режимін қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер (күзет қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарау және кәсіпорын қызметкерлерінің қырағылығы, қоршау және түнгі жарықтандыру периметрі бойынша бейнекамералардың жетіспеуі) үшін террористік тұрғыдан осал объектілер болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауыты және «ТарБурВзрывСервис» ЖШС-нің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК көлемінде        240 мың 500 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Осыған байланысты, әрбір террористік тұрғыдан осал объектінің инженерлік-техникалық қорғалу жағдайына, күзетуге және өткізу режимін қамтамасыз етуге тікелей бірінші басшысы дербес жауапты екендігін тағы да назарына жеткізгіміз келеді.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау