Версия для слабовидящих

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының

 көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                        12 қыркүйек 2018 жыл

сағат 16.00

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

 

Қ.Жетібаев -Тараз қалалық мәслихатының № 23 сайлау округінің депутаты.
Жұмыс тобының мүшелері:

 

С.Берікқожа — №3 сайлау округінің депутаты;
А.Асқарбеков — №4 сайлау округінің депутаты;
Л.Қзылқұлова

Ж.Орынбаева

С.Мырзалиев

— №5 сайлау округінің депутаты;

— №7 сайлау округінің депутаты;

— №8 сайлау округінің депутаты;

Ғ.Мадимаров

Ж.Бүркітбаева

М.Смаилов

Ж.Жексембиев

А.Биназаров

— №12 сайлау округінің депутаты;

— №13 сайлау округінің депутаты;

— №14 сайлау округінің депутаты;

— №17 сайлау округінің депутаты;

— №20 сайлау округінің депутаты.

 

Жұмыс тобының хатшысы:

Қ.Құрманәлі — Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы.

 

Шақырылғандар:

Б.Құлекеев Тараз қалалық мәслихатының хатшысы;
К.Олжабай Тараз қаласы әкімінің орынбасары;
Е.Жолбай Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы;
Б.Тоқсанбаева Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Ұ.Сламбекова Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат  бөлімінің басшысы;
Н.Башанов Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары  бөлімі басшысының орынбасары;
А.Шөмішбай Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасарының міндетін атқарушысы;
Ә.Қанаев Тараз қаласы әкімі аппаратының №2 округінің бас инспекторы;
Б.Баудинов Тараз қаласы әкімі аппаратының №3 округінің бас инспекторы;
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері:  
М.Тоқсабаев  
А.Махашев  
К.Әбдікешова  
Л.Абдрахманова  
Қ.Бакиев  
М.Жаманбаев  
Қала тұрғындары;

БАҚ өкілдері: JAMBYL телеканалы, «Жамбыл-Тараз» газеті.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни Тараз қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ленин көшесі және бұрылыстарын Бейбітшілік деп қайта атау туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенқызы Тоқсанбаеваға берілді.

 

Б.Тоқсанбаевның баяндамасы:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы    2 наурыздағы  №17-388-5 бұрыштамалық тапсырмасына сәйкес нысандарға, әкімшілік-аумақтық   бірліктер                              және  олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек қана                         өңірдегі идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи                            жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі                                   атаулармен  өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылған.

Осыған орай, Ленин көшесін және 1, 2-бұрылыстарын Бейбітшілік көшесі және 1, 2-бұрылыстары деп қайта атау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының   пікірін ескеру қағидаларының» талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, Сіздердің қарауларыңызға ұсынып отырмыз.

Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттары жинақталып республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

 

Көшенің бұрынғы атауы Жобаланған жаңа атау Мағынасы Көшенің ұзындығы
1. Ленин көшесі Бейбітшілік Бейбітшіліктыныштық, татулық дегенді білдіреді. 2928 метр
2. Ленин көшесінің

1-бұрылысы

Бейбітшілік көшесінің

1-бұрылысы

639 метр
3. Ленин көшесінің

2-бұрылысы

Бейбітшілік көшесінің

2-бұрылысы

138 метр

 

Тараз қаласындағы Ленин көшесін, Ленин көшесінің 1, 2-бұрылыстарын  Бейбітшілік  көшесі, Бейбітшілік көшесінің 1, 2-бұрылыстары деп қайта атауға байланысты Ленин көшесі бойынша жиналысқа қатысқандар саны-141, қолдау көрсеткендер саны-123, қарсы болғандар саны-9, қалыс қалғандар саны-9, жалпы үйлердің саны-178.

Ленин көшесінің 1-бұрылысы бойынша жиналысқа қатысқандар саны-28, қолдау көрсеткендер саны-23, қарсы болғандар саны-1, қалыс қалғандар саны-4, жалпы үйлердің саны-40.

Ленин көшесінің 2-бұрылысы бойынша жиналысқа қатысқандар саны-6, қолдау көрсеткендер саны-5, қалыс қалғандар саны-1, жалпы үйлердің саны-6.

         Көпшілік тыңдауға қатысушылар, баяндаманы талқыға салды. Ұсыныстар, пікірлер айтылып сұрақтар қойылды.

Сөз сөйлегендер:

  1. Л.Қзылқұлова –№5 сайлау округінің депутаты:

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін көп көшелердің атауы қазіргі заман талабына сай өзгертіліп жатыр. 1924 жылдан бастап №1 гимназия Ленин мектебі болған. 1991 жылдан бастап тек гимназия атауын сақтап қалған болатын. 2017 жылы №1 гимназия Әлихан Бөкейханов есімін алды. Сондықтан қазіргі көтеріп отырған мәселе орынды деп есептеймын және қолдауға шақырамын.

  1. Б.Құлекеев – Тараз қалалық мәслихатының хатшысы:

Құрметті әріптестер осы сұрақтың көтеріліп келе жатқанына жарты жылдан асып кетті, облыс әкімінің орынбасарынан Ленин көшесін Бейбітшілік деп атау туралы бірнеше рет хат түскен. Бұл мәселе Тараз қалалық мәслихатының тұрақты кимиссияларының көпшілік тыңдауында бірнеше рет көтеріліп, кері қайтарылған болатын. Бүгінгі таңда  Ресейдің өзі Ленинград қаласының атауын өзгертті. Қала әкімдігінің Ленин көшесін Бейбітшілік деп атауын беру туралы сұранысын комиссия мүшелері қолдайды.

  1. А.Асқарбеков –№4 сайлау округінің депутаты:

Ленин біздің тарихымыз. Оны ешкім жоққа шығарайын деген ойымыз жоқ. Елімізде архивтерден, музейлерден қала берді Қазақстанның тарихынан алынған жоқ. Тарихшылардың Ленинді әрі қарай зертеулеріне еш кедергі жоқ. Ленин көшесінің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген деп есептеймін. Бүгінгі ұсынысты қолдап, Ленин көшесін атын өзгертуге қолдауға шақырамыз.

4.А.Мақашев  –  Қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі:

Мен осы Ленин көшесін өзгерту туралы мақаланы газетке жарияламас бұрын біраз ойландым. Жастарды өзіміздің ұлттық тәрбиеге, тарихимызда аты өшпейтін Төле би, Қазыбек би, Айтеке би бабаларымыздың өнегелі сөздері мен атқарған еңбектерін насихаттаумыз керек.

  1. Ғ.Мадимаров –№12 сайлау округінің депутаты:

Құрметті жиналысқа қатысушылар осы мәселе бойынша 3 рет тұрақты комиссияның көпшілік тыңдауы ұйымдастырылған болатын. Біз халық қалаулары болғандықтан бізге тұрғындардың пікірлері маңызды. Біраз жұмыстар жасалыпты, Ленин көшесінің атын өзгертуге уақыт келген сияқты, тұрғындар қолдаса барлығымыз қолдаумыз керек.

  1. Ж.Орынбаева- №7 сайлау округінің депутаты:

Тарихи және идеология тұрғысынан ескірген жер-су атаулары қаланың өзінде әлі де баршылық. Бұрыңғы Коммунистическая көшесі — Төле би даңғылы, Трудовая көшесі — Жамбыл даңғылы болып кезінде өзгертілген. Бұл өзіміздің ұлтымызға, тарихимызға үлкен құрмет деп ойлаймын. Тәуелсіздік алғалы бері Ленин көшесінің атауы өзгермегені өзімізге ұятта шығар, сондықтан Бейбітшілік деп жаңа атау беру орынды деп ойлаймын. Бейбітшілік  аспанында өмір сүру, татулықта өмір сүру кез келген елдің арманы.

  1. М.Тоқсабаев– Қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі:

Құрметті көпшілік! Бүгінгі талқыланып отырған мәселе өте маңызды мәселе деп ойлаймын. Осы біздің еліміздегі көше атаулары, қала және ауыл атаулары неге өз тілімізде болмай, неге қазақ ұлтының ерешеліктерін сақтамайды деген сұрақ туындайды. Біз жастарды ұлт жанды қылып тәрбиелеуіміз керек. Бейбітшілік көшесі деген атау өте лайықты деп ойлаймын және жұмыс тобының комиссия мүшелері, әкімшілік, қоғам қайраткерлері осы мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың талқылауына салып, пікірлерін ескеріп, сондай сыннан өткізіп барып ұсынып отыр. Бұл мәселені біз қолдаймыз.

  1. Б.Карбозова — (Ленин көшесінің тұрғыны):

Ленин көшесінде тұрғаныма 15 жыл болды. Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдаймын. Жастарды рухани байлыққа, құндылыққа тәрбиелеуге отырып, Ленин көшесін Бейбітшілік деп атауға шақырамын. «Бейбітшілік» есімі бірліктің, достықтың, татулықтың белгісі болғандықтан тұрғындарға ұнайды деп сенемін.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Көпшілік тыңдаудың хаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Жұмыс тобының жетекшісі                             Қ.Жетібаев

Жұмыс тобының мүшелері:

 

А.Асқарбеков
 

Л.Қзылқұлова

 

Ж.Орынбаева

 

Ғ.Мадимаров

 

Ж.Бүркітбаева

 

М.Смаилов

 

А.Биназаров

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                         Қ.Құрманәлі

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау