Версия для слабовидящих

«Қала күні» мерекесіне арналған жастар арасында кіші футболдан Тараз қаласының әкімі Кубогінің Е Р Е Ж Е С І

              

«Қала күні» мерекесіне арналған жастар арасында

кіші футболдан Тараз қаласының әкімі Кубогінің

 Е Р Е Ж Е С І

 

І. Жарыстың мақсаты мен міндеті.

— «Қала күні» мерекесін спорт арқылы атап өту;

— жастарды есірткі және нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу;

— жастардың арасында достық сезімді нығайту;

— қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту.

 

ІІ. Жарыстың өтетін орны мен мерзімі

Жарыс 2018 жылдың 27 қазан күні, «Тараз Арена» спорт сарайында өтеді. Жарысқа қатысушы командаларды тіркеу сағат 9:00. Жарыстың ашылу салтанаты сағат 9:30.

 

ІІІ. Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі.

Жарысқа 29 жасқа дейінгі жастар командалары шақырылады. Жарысқа нақты 29 жастағы және одан кіші жастағы спортшылар қатысады. Команда құрамы – 10 адам (9 спортшы, 1 жаттықтырушы). Жарыс бекітілген  Ережеге сай өткізіледі. Команда құрамында жасы сәйкес келмеген ойыншы анықталған жағдайда команда ойыннан шығарылады.

Қатысуға қажетті құжаттар: дәрігердің рұқсат мөрі басылған тапсырыс (заявка), барлық ойыншылардың жеке куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы болуы міндетті.

 

ІV. Жарыс шығындары.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жарыс өтетін орынды дайындау, төрешілер және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етеді. Жарысқа қатысушы командаларды шақыру және жарыстың ашылу салтанатын көрермендермен қамтамасыз ету Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығына» жүктеледі.

 

  1. Марапаттау.

Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған командалар Тараз қаласы әкімдігінің медальдары, дипломдары және естелік сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаз атанған команда Тараз қаласының әкімі Кубогінің иегері атанады.

      Ұйымдастыру комитеті: телефон — 560008, 560007.

 

 

 

 

 

 

«Қала күні» мерекесіне арналған жастар арасында

кіші футболдан Тараз қаласының әкімі Кубогінің

 қорытынды ақпараты

 

Жарысқа барлығы 16 команда қатысты, 160 адам.

Үздік қорғаушы — Сартбаев Нұржан (Төтенше жағдайлар Департаменті)

Үздік қақпашы — Боданов Арман (Тараз қаласы әкімдігі)

Үздік жартылай қорғаушы — Алдабергенов Жамбыл (Тараз химия техника колледжі)

Үздік шабуылшы —  Өміралиев Қуаныш (Тараз қаласы әкімдігі)

Бомбардир — Омарбеков Әділет (Тараз қаласы әкімдігі)

 

 

ІІІ орын — Астана колледжі

ІІ орын — Төтенше жағдайлар Департаменті

І орын — Тараз қаласы әкімдігі

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау