Версия для слабовидящих

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУ

Кәсіпкерлік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын

қамтамасыз ету туралы

 

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерге белгілі, кәсіпкерлік нысандарының жеке категорияларына жататын (сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру нысандары, спорттық және көңіл көтеру ғимараттары, туристтердің орналасу және тұру мекенжайлары) террористтік тұрғыдан осал (бұдан әрі – ТТО) нысандарды терроризмге қарсы қорғау жүйесінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 Қаулысымен бекітілген.

Жеке бизнес пен кәсіпкерліктің басшыларына мемлекет тарапынан қолданылатын терроризмге қарсы шараларды дұрыс түсінулерін және олардың бизнесті жүргізудің тиімділігіне ешқандай әсер етпейтіндігін жеткізгіміз келеді.

Жекелеп айтқанда:

  1. Қазақстан Республикасы халықаралық терроритік ұйымдардың белсенділігі мен олардың алыс және жақын шет елдерде айтарлықтай адам шығынын келтірген есепсіз террористік актілерінің нәтижесінде террористік тұрғыдан осал нысандарды күшейтудің барлық шараларын қолдануда. Бұл шаралар тұлғалардың және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
  2. Террористердің әрекетінен еліміздің кез келген тұрғыны мәртебесі, қызмет жағдайы қай дәрежеде қамсыздандырылғаны, қызмет түрі, тұрғылықты мекенжайына қарамастан зардап шегуі мүмкін.

Қазақстандағы кез келген шағын және орта бизнестің өкілі қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады, олар террористік әрекеттердің құрбаны болуы мүмкін еліміздің азаматтары, алдыңғы кезекте өзінің жақын туыстары (балалары, жолдасы, ата-анасы) мен дос-жарандарының алдындағы міндетін (елімізде қауіпсіздік шарттарын құру бойынша) сезінуі тиіс.

  1. Террористік құрылымдар ең алдымен белгілі бір бизнес түріне залал келтіруді тікелей көздемесе де, террористік актілерді жасау кезінде жеке нысандар зардап шегуі мүмкін. Себебі, олардың көбі адамдардың жаппай жиналу нысаны болып табылады.
  2. Мемлекет, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, шағын және орта бизнестің шығындарын азайту үшін барлық шараларды қолдануда. Жекелеп айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі «ТТО нысандарды лаңкестікке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №191 қаулысында техникамен жабдықтаудың аз мөлшердегі талаптары қарастырылған және соның салдарынан оны қаржыландыру қажеттілігі айтарлықтай төмендеген (адамдардың жаппай жиналу нысандары міндетті түрде телевизиялық видеобақылау жүйесімен, күзет дабылы жүйесімен және құралдарымен, бақылау және басқару жүйесімен, хабарлау жүйесімен және құрылғыларымен жабдықталады).
  3. Ұйымдардың нысандарында физикалық күзетпен, өз аумағында кіргізіп-өткізу режимін, эвакуация жолдарын қамтамасыз ету талаптары қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының ажырамас бөлігі болып табылады.
  4. Видео бақылау орнату, ішке кіргізуді бақылау, хабарлау жүйесі және басқа да техникалық құрылғылардың түрлері терроризмге қарсы әрекет етуге ғана емес, сонымен қатар, нысанның қауіпсіздігіне қауіп тудыратын қылмыстың басқа түрлерінің алдын алуға, мүліктерді, келушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, кәсіпкерлердің тиісті шараларды қолдануын және өз кәсіпорындарын тиісті қауіпсіздік жүйесімен, техникалық күшейтуді қамтамасыз ету жұмыстарын жақын арада аяқтауын сұраймыз (2015 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі «ТТО нысандарды террорға қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №191 қаулысына сәйкес).

 

 

Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы

Саданов Бақытжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау