Версия для слабовидящих

Су тасқынына қалай дайындаламыз

Су тасқынына қалай дайындаламыз

 

Су тасқыны – қарқынды, су деңгейінің салыстырмалы қысқа мерзімді көтерілуі. Қысқы жылымықта қардың күшті жауындармен, кейде еруімен қалыптасады.

Су тасу – бұл жылдың бір мезгілінде жыл сайын қайталанып отыратын өзендердің өз арнасынан шығып тасуы және жазық өзендердің су жүрісінің көктемде, қар еруден болатын, судың биік әрі ұзақ көтерілуі, сондай-ақ таулы аудандардан бастау алатын өзендердегі мұздардың көктемгі-жазғы еріп тасуы.

Су тасқынын болдырмау мақсатында өз аумақтарыңыздағы дренаж каналдар мен арық жүйелерінде, өзен арналарында, автокөлік және теміржолдардағы су өткізгіштерді қоқыстан және қалдықтардан уақытылы тазалауды ұйымдастыру қажет.

Қауіпсіздік шаралары:

  1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
  2. Егер өзен алабының жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, таудан кетіңіз. Жоғары жағында көл байламалары бар қауіпті арнаға жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
  3. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, өйткені су тасқыны кезіндегі шайқалудан ол жерлерге тас жауу немесе опырылым болуы мүмкін.
  4. Су тасқынының белгілерін байқаған жағдайда тез арада арнадан таулы беткейлермен жоғары қарай кетіңіз.

Жақындап қалған су тасқынынан елді – мекендерді құлақтандыру кезінде, сонымен қатар тасқынның алғашқы белгілерінде ғимараттан тезірек кетіңіз, айналаңыздағыларға ескертіп қауіпсіз жерге шығыңыз. Өрт туындамауы үшін үйден шығарда пешті өшіріп, газ крандарын бекітіңіз, жарықты сөндіріңіз және электр құрылғыларын өшіріңіз.

Су тасқыны қауіпті өзен арналарына жақын жерде тұратын және жұмыс істейтін тұрғындардың, сәйкес жауапты ұйымдардың хабарламаларын мұқият тыңдаңыз. Су тасқынының қауіпі жайлы дабылдар (құлақтандыру) бойынша өзіңізбен бірге құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге эвакуацияны жүзеге асырыңыз.

Әрбір адам өздігінше нақты шараларды жасауды білу керек, оның ішінде:

— жедел медициналық көмек, өрт сөндіру және апаттық қызметтер, жекеменшік пәтерлер кооперативі (ЖПК), ТЖ бойынша басқарма кезекшілісі, аудандық ТЖ бөлімінің телефондары және мекен-жайлары туралы ақпарат;

— жақын таныс-туыстардың тегін, мекен-жайларын, телефондарын білу, әрбір отбасы мүшесі (әсіресе балалар) үйге қайту мүмкіндігі болмаған жағдайда қайда бару керектігін білу керек.

Су тасқыннан кейінгі әрекет

         Ғимаратқа кірместен бұрын, оның қирау немесе басқа да заттардың құлау қауіпінің жоқтығына көз жеткізіңіз. Ғимаратты желдетіңіз (жиналған газдардың шығуы үшін). Жарықты және электр құрылғыдарды қоспаңыз, ашық от көздерін пайдаланбаңыз, бөлмені толық желдеткенше және газбен қамтамасыз ету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін тексермейінше сіріңкені жақпаңыз. Электр сымдарының, газ құбырларының, су және кәріз желілерінің дұрыс жұміс істеуін тексеріңіздер. Олардың дұрыс жұмыс істеуін мамандарға тексертпейінше пайдаланбаңыздар. Бөлмелерді желдетіп кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашыңыздар, еден мен қабырғалардан лайды тазалаңыздар, жер төледегі суды сорғызып тастаңыздар. Суда болған, суға түскен азық-түліктерді жемеңіздер және қолданбаңыздар. Құдықтарға жиналып қалған лай мен кір суларды тазалап тастаңыздар.

Барлық қауіпсіздік шараларын орындаған жағдайда сіз қауіптің деңгейін айтарлықтай төмендететініңізді есіңізде сақтаңыз.     

ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ!

 

 

Тараз қаласының әкімдігі және

қалалық төтенше жағдайлар басқармасы

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау