Версия для слабовидящих

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының

 көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                               17  сәуір 2019 жыл

сағат 16.00

 

Төрағалық етуші: Ғ.Мадимаров

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласындағы «Достық» алаңын  Нұрсұлтан Назарбаев алаңы деп қайта атау туралы» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

Ғ.Мадимаров -Тараз қалалық мәслихатының № 12 сайлау округінің депутаты.
 

        Жұмыс тобының мүшелері:

С.Берікқожа — №3 сайлау округінің депутаты;
Ж.Орынбаева

С.Мырзалиев

— №7 сайлау округінің депутаты;

— №8 сайлау округінің депутаты;

Ж.Бүркітбаева

Ж.Бөлекбаев

Ж.Жексембиев

Э.Мырза-Ғали

А.Биназаров

— №13 сайлау округінің депутаты;

— №16 сайлау округінің депутаты;

— №17 сайлау округінің депутаты;

— №19 сайлау округінің депутаты;

— №20 сайлау округінің депутаты.

 

Жұмыс тобының хатшысы:

А.Құдайбергенова — Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Шақырылғандар:

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Жамбыл облыстық ассамблеясының өкілдері, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Тараз қаласындағы «Достық» алаңын  Нұрсұлтан Назарбаев алаңы деп қайта атау туралы.

 

Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенқызы Тоқсанбаеваға берілді.

         Баяндаушы- Б.Тоқсанбаева:

Тараз қаласындағы «Достық» алаңын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қайта атау туралы ұсыныс Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров және ұжымнан, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті И.Дастаннан түскен.

1997 жылғы 17 мамырдағы Тараз қаласы әкімінің және бірінші шақырылған қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының №2545 шешіміне сәйкес В.И.Ленин атындағы алаң Достық алаңы болып аталған.

Аумағы 1 гектар 25 шаршы метрді құрайды.

Достық алаңының бойында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласының әкімдігі, Баспасөз үйі, Жамбыл облыстық кірістер басқармасы, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі, Жамбыл облыстық әділет департаменті, Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы,  Халық банк акционерлік қоғамы сияқты ғимараттар бар. Сонымен қатар, Бәйдібек баба ескерткіші орналасқан.

«Достық» алаңын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қайта атау туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағида» талаптарына сәйкес тұрақты комиссияның  қарауына ұсынып отырмыз.

Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттары жинақталып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

         Баяндаманы талқыға салу барысында ұсыныстары мен  пікірлерін білдіргендер.

         Берік Масат Әшімұлы – Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.

Елбасының есімін алаңға беру үшін небәрі 3-ақ себеп жеткілікті. Олар: Кеңес өкіметі ыдыраған жылдардағы қиын-қыстау шақтан елді алып шыққандығы, мемлекет шекарасын бекітіп алуы және елордамыздың кірпішін қалап, әлем тамсандырған қалаға айналдыруы деп айта аламын. Сондықтан, «Достық» алаңын  Нұрсұлтан Назарбаев алаңы деп қайта атау өте орынды және оған кереғар пікірдің болуы мүмкін емес деп білемін.

Клименко Федор Леонтьевич— «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, халқымыздың ауыз біршілігі, татулығы, ынтымағы осының бәрі Елбасымыздың еңбегі. Ойланбастан «Достық» алаңын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру бойынша ұсынысты барлығымыз бір ауыздан қолдауымыз керек.

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.

Қолдағандар — 6. Қарсы — жоқ. Қалыс – жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Көпшілік тыңдаудың хаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                 Ғ.Мадимаров

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

С.Берікқожа
 

Ж.Орынбаева

 

Ж.Бүркітбаева

 

Ж.Жексембиев

 

Э.Мырза-Ғали

 

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                         А.Құдайбергенова

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау