Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасына қатысуға қатысты хабарландыру

Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында  «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасына қатысуға қатысты хабарландыру

 

Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында 2020 жылы «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасын іске асыру жоспарлануда.

Аталған жоба  азаматтардың бастамалары мен ұсыныстарының негізінде Тараз қаласы аумағын көркейтуге және дамытуға бағытталған.

Пилоттық жоба бойынша Әкімдіктің Сараптамалық кеңесі құрылатын болады. Бұл әлеуетті Жобалық ұсыныстарды іріктеу процедурасын іске асыру және де 2020 жылға Пилоттық жобаны іске асыру қорытындыларын қарастыру үшін құрылған Әкімдіктің кеңесші органы болады.

Әкімдіктің Сараптамалық кеңесінің дербес құрамы Тараз қаласының әкімімен бекітіледі.

Әкімдіктің Сараптамалық кеңесі 15-тен кем емес адамнан тұрады және оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, Тараз қаласының тұрғындары және  қалада қызметін атқаратын қоғамдық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.

Әкімдіктің Сараптамалық кеңесінің төрағасы кеңестің құрамына ұсынылған тұлғалар арасынан сайланады.

Әкімдіктің Сараптамалық кеңесінің функциялары:

1) Жобалық ұсыныстарды алдын ала қарастыру, қажет болған жағдайда авторларға оларды пысықтау қажеттілігі бойынша ұсыным беру;

2) Пилоттық жобаның қаражаты есебінен қаржыландыру үшін ұсынылған Жобалық ұсыныстар бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды беру;

3) Жобалық ұсыныстарды Дауыс беру тізбесіне қосу бойынша шешімдерді қабылдау;

4) Пилоттық жобаның есебінен қаржыландырылатын Жобалық ұсыныстардың жүзеге асу барысын бақылау, сонымен қатар коммуналды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелер басшылары мен лауазымдық тұлғаларының Жобалық ұсыныстардың асырылуы мәселелері бойынша есептерін тыңдау;

5) отырыстарын жариялы және ашық түрде өткізу, отырыстар хаттамаларын жариялау, отырыстың өткізілетін уақыты және орыны туралы Әкімдіктің Интерент-ресурсы арқылы алдын ала хабарлау.

 

Қазіргі кезде, жоғарыда аталған Сараптамалық кеңестің дербес құрамы жасақтауда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, Тараз қаласының белсенді тұрғындарының қатарынан Сараптамалық кеңестің құрамына кіргізуге кандидатураларды ұсынуды сұраймыз. Сараптамалық кеңестің құрамына мүше болуға ұсыныстар ресми жарияланғаннан кейін 5 күнтізбелік күннің ішінде қабылданады.

 

Әкімнің ресми сайтына: http://taraz.zhambyl.gov.kz/ және  (serikzhan_18@mail.ru) немесе байланыс телефоны: 455995

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау