Версия для слабовидящих

«Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы «27» шілдедегі
№ 158 қаулысымен бекітілген

«Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Жамбыл облысы әкімдігінің 01.03.2019 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі — Орталық) арқылы жүзеге асырылады

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыны жұмыспен қамту орталығының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу күні туралы хабарландыруы не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша стандартқа 1-қосымшаға сәйкес немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркейді, қағаз түрдегі жұмыссыз ретінде тіркеу күні туралы хабарландырунемесетіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрдегіхабарландырунемесе тіркеуден бас тарту туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі хабарландыруды немесе хабарламаны Орталық қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау;

      2) қағаз түрдегі хабарландыруды немесе хабарламаны дайындап және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол коюға жолдау;

      3) басшымен қағаз түріндегі хабарландыруға немесе хабарламаға қол қою;

4) Орталық қызметкеріне басшының қолы қойылған қағаз түрдегі хабарландыруды немесе хабарламаны жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркейді, қағаз түрдегі жұмыссыз ретінде тіркеу күні туралы хабарландыру немесе тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрдегі хабарландыру немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі хабарландыруды немесе хабарламаны Орталық қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде.

4. Өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Халықты жұмыспен қамту орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

1) Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды – 20 (жирма) минут ішінде;

2) Орталық қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркейді, қағаз түрдегі жұмыссыз ретінде тіркеу күні туралы хабарландыру немесе тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрдегі хабарландыру немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі хабарландыруды немесе хабарламаны Орталық қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде.

6) Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі хабарландыруды немесе хабарламаны береді — 20 (жирма) минут ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://ukzsp.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

«Жұмыссыздар ретінде жұмыс
іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

 

Шартты белгілер:

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау