Версия для слабовидящих

«Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы «27» шілдедегі
№ 158 қаулысымен бекітілген

«Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1.«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандардың және Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны — қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушымен (немесе оның заңды өкілімен немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе оның заңды өкілінен немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) құжаттар топтамасын қабылдап, тіркелген және көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талонды беріп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 13 (он үш) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түрінде хабарлама жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түрінде хабарлама жобасына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 30 (отыз) минуттың ішінде қызметті алушыға (немесе оның заңды өкіліне) қағаз түрінде көрсетілетін қызмет туралы хабарламаны немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттар топтамасын қабылдау, талонды беру;

      2) қағаз түрінде хабарлама жобасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;

      3) қағаз түрінде хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

      4) қағаз түрінде хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен қол қою;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның заңды өкіліне) қағаз түрінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтері ұсынылғандығы туралы хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

      1) қызмет берушінің қызметкері;

      2) қызмет берушінің жауапты орындаушысы;

      3) қызмет берушінің басшысы.

      9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 30 (отыз) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе оның заңды өкілінен немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) құжаттар топтамасын қабылдап, тіркелген және көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талонды беріп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 13 (он үш) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түрінде хабарлама жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түрінде хабарлама жобасына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 30 (отыз) минуттың ішінде қызметті алушыға (немесе оның заңды өкіліне) қағаз түрінде көрсетілетін қызмет туралы хабарламаны немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркелген күні мен қызметті алу күні көрсетілген қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 (он бес) минуттан аспайды;

2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы — 12 (он екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түрінде хабарлама жобасын дайындайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы — 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түріндегі хабарлама жобасына қол қояды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түріндегі хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне — 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағаз түріндегі хабарламаны — 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2- қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://sobes.zhambyl.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша

      Ескерту. Регламенттің қосымшасының оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда — Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 

Шартты белгілер:

 

«Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2- қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Регламент 2 — қосымшасымен толықтырылды –Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

Шартты белгілер:

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау