Версия для слабовидящих

Хабарландыру

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ

 

«Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы КММ

  

   «КӨНЕ ТАРАЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАШЫҒЫ»

ЭТНО ЖОБАСЫ

 Тараз қаласы 2019 жыл

 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

                           «КӨНЕ ТАРАЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАШЫҒЫ»

 

Іс-шара атауы:«КӨНЕ ТАРАЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАШЫҒЫ» этно жобасы

Ұйымдастырушылар: ЖОӘ Туризм басқармасы, «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы

Өтетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, Ортағасырлық Төрткүл сарай кешені

Уақыты: 18.05.2019   бастап 6 ай бойы аптаның сенбі жексенбі күндері

 

Қызыққа толы ауыл өмірі мен дала дүбірін XXI ғасырға қайта әкелу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен  «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» этно жобасы қолға алынды. Үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 күні сағат 10:00де Тараз қаласындағы «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛ САРАЙ КЕШЕНІНДЕ» этно жобаның елге таныстырылымы өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты —  көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді.

Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының және «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы КММ-нің қызметкерлері қатысады. Сонымен қатар облыстың қолөнершілері, мәдениет саласының, Асыл арман ұлттық дәстүрді қолдау мекемесі мен БАҚ өкілдері қамтылмақ. Мектеп оқвһушылары да жазғы лагер уақытында ортағасырлық көне орынмен танысуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, этножоба халыққа 6 ай көлемінде қызмет етеді. Аптаның демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жанұяңызбен көне ауыл өмірі мен қазақ ұлттық өнерін көруге мол мүмкіндігіңіз бар.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

М.Бает

8702 337 27 17

merey.mb@mail.ru