Версия для слабовидящих

«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 567 бұйрығымен
бекітілген

«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттар схемасы;

      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша қозғалыс кестесі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарыныңмемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағындакөрсетілген көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылдану растамасы оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіндегі шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mііd.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімде орналастырылған.

      15. Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

«Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын және
қозғалыс кестелерін бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама

20 ____ жылғы «___»
______________

__________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)

Жүгінген күні 20 ____ жылғы «____» _______________

Шешім: _________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Сұрақтар туындаған жағдайда ___________________________________

___________________________________________ жүгінуіңізді сұраймыз.

(көрсетілетін қызметті беруші)

________________________________________________________________

мемлекеттік органдағы жауапты адамның тегі, аты,

әкесінің аты (бар болған кезде)

________________________ Мөр орны
Қолы

«Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын және
қозғалыс кестелерін бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
___________________________
(тіркейтін органның атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы)
Мекенжайы:_________________
____________________________
Телефон
№_________________________

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы өтініш

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік (керектігінің астын сызу) тұрақты тасымалдау

________________________________________________________________

(маршруттың атауы) маршрут схемасын және қозғалыс кестесін бекітуді сұраймын.

______ парақта қоса беріледі. ___________________________________ __________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)

Мөр орны* (бар болған кезде)

*Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау