Версия для слабовидящих

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 бұйрығына
4-қосымша

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі немесе дәлелді бас тарту мерзімі:

      1-кезең: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі — күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2-кезең: тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда -15 (он бес) жұмыс күні;

3-кезең: тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау — күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешімі;

2-кезең: тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі;

3-кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларының (бұдан әрі — Қағидалар) 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.

Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны:

электрондық түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) 1-кезең:

      өздері тұратын үй-жайларын жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi ЭЦҚ-мен қол қойған өтініш, электрондық құжат нысанында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша);

көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық (сәйкестендіру үшін);

некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктерінің электрондық көшірмесі (қажеттілік бойынша ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерінің электрондық көшірмесі;

көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін ұсынады;

халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады;

мемлекеттік қызметшілер санатына қатысты азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін олардың мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;

тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда — мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      2) 2-кезең:

      Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссияларының шешімдері болғанда мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру:

мүлікті коммуналдық меншікке беру туралы уәкілетті органның бұйрығының;

мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-беру актісінің көшірмесі;

      3) 3-кезең:

      көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық нұсқа жасауды.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы электрондық құжаттар нысанында беріледі.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі

      11. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

«Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_________ Облыстардың,
Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органының тұрғын
үй қатынастары саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің
атауы ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі — Т.А.Ә.)
____________________________
(мекенжайы бойынша
тұратын азамат)

Өтініш

Мен____________________________________________________________________________

(Т.А.Ә. толығымен) (жеке куәліктің №, қашан және кіммен берілген, жеке

сәйкестендіру нөмірі)

болуыма байланысты 20__ жылғы «___» _____ №____ жалдаудың (жалға берудің)

шартына сәйкес __________________________ мекенжайы бойынша өзім тұратын пәтерді

өтеусіз жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

Қосымша: __________________________ ___________ ақпараттық жүйелерінде қамтылған,

заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісім беремін 20 __

жылғы «_» _________ (қолы).

(Келісімді барлық кәмелетке толған отбасы мүшесі білдіреді)

Мен, ___________________________________________________________________________,

(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен

берілген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

атына ____________ мекенжайы бойынша пәтерді ______________ өтеусіз

(Т.А.Ә.)

жекешелендіруге келісім беремін.

_______ ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 __ жылғы «_» _________ (қолы)

«Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_________ Облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы
органының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің
атауы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі — Т.А.Ә.)
____________________________
(мекенжайы бойынша
тұратын азамат)

Өтініш

________ мекенжайы бойынша мен және менің отбасым тұратын пәтерді

_____________ қалған бағасы бойынша сатып алу арқылы (немесе тең сомада, бастапқы жарна

20__ жылғы «___» _____ №____ жалдаудың (жалға берудің) шартына сәйкес ____ (кемінде 30

%-дан) төлемді _____ мерзімге (он жылға дейін) бөліп төлеу) арқылы жекешелендіруге рұқсат

беруіңізді сұраймын.

________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә. толық жазу) (жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен берілген,

жеке сәйкестендіру нөмірі)

Қосымша: _____________________ ________ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен

қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20 __ жылғы

«_» _________ (қолы).

(Келісімді барлық кәмелетке толған отбасы мүшесі білдіреді)

Мен, ___________________________________________________________________________,

(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен

берілген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

____________ мекенжайы бойынша пәтерді ______________ атында өтеусіз

(Т.А.Ә.)

жекешелендіруге келісім беремін.

________ ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 __ жылғы «_» _________ (қолы)

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау