Версия для слабовидящих

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы «31» наурыз № 91
қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Қаулы регламентпен толықтырылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 11.09.2017 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес аудандардың және Тараз қаласының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешімі;

      2-кезең: тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі.

      3-кезең: жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.

      Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме – стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қызмет алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына жіберу, қызмет алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру — 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті беру бойынша жауапты орындаушыны айқындау – 20 (жиырма) минут ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың дайындау, тұрғын үй комиссиясына жолдау — 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

      4) тұрғын үй комиссиясымен құжаттарды қарау, тұрғын үй комиссиясы

      шешіміне қол қою, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдау — 22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу– 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу – 20 (жиырма) минут ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушыға жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру — 10 (он) минут ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына жіберу, қызмет алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті беру бойынша жауапты орындаушыны айқындау;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың дайындау, тұрғын үй комиссиясына жолдау;

      4) тұрғын үй комиссиясымен құжаттарды қарау, тұрғын үй комиссиясының шешіміне қол қою, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдау;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен жергілікті атқарушы

      орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушыға жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзараіс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      4) тұрғын үй комиссиясы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара рәсімдердің реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына жіберу, қызмет алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру — 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті беру бойынша жауапты орындаушыны айқындау – 20 (жиырма) минут ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың дайындау, тұрғын үй комиссиясына жолдау — 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

      4) тұрғын үй комиссиясымен құжаттарды қарау, тұрғын үй комиссиясының шешіміне қол қою, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдау — 22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерімен жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу– 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу – 20 (жиырма) минут ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен қызмет алушыға жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру — 10 (он) минут ішінде.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің (http://energy.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет–ресурсында орналастырылады.

«Мемлекеттік тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендіру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

Шартты белгілер:

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау