Версия для слабовидящих

«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
3-қосымша

«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.06.2017 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

      1) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі — МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі — кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын (бұдан әрі — әзірлік паспорты) Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      3) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      Өтініштерді қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.08.2019 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт — 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі (бұдан әрі — әзірлік актісі);

әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі;

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік актінің электрондық көшірмесі;

әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде — қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күнімен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді) сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген Министрліктің басшысы атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет алушының шағымы түскенде, тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға (олардың өкілдеріне сенімхат бойынша) олардың қызмет көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелігі: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бөлек есік жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы:

      1) Министрліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу рәсімінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ ақпаратты осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген қызмет берушінің байланыс телефондары бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтердің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414 және 8 800 080 7777.

«Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа
әзірлік паспортын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
(кімге)
_________________________
(органның атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

____________________________________________________________________

(бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

туралы анықтаманың нөмірі және күні)

Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

Пошталық мекенжайы:____________________________________________

Телефон нөмірлері _______________________________________________

E-maіl __________________________________________________________

Факс ___________________________________________________________

Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

1.___________________________ парақта, беттің реттік №

2.___________________________ парақта, беттің реттік №

3.___________________________ парақта, беттің реттік №

4.___________________________ парақта, беттің реттік №

5.___________________________ парақта, беттің реттік №

6.___________________________ парақта, беттің реттік №

Ұйымның басшысы _______________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

20__ жылғы «__» ________

 

«Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың ________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________ ___________________________

Акт жасалған жер                         (күні)

____________________________________

(ұйым атауы)

_______ №___ бұйрығымен тағайындалған комиссия

_________________________________________________________________

энергия өндіруші және энергия беруші

_________________________________________________________________

ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін

_________________________________________________________________

шарттардың орындалғаны/орындалмағаны көрсетіледі

Тұжырым:______________________________________________________

(ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір/ әзір емес)

Комиссия төрағасы:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(ұйым басшысының қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы және мемлекеттік органның мөрі)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

 

«Энергия өндіруші және
энергия беруші ұйымдарға
күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.08.2019 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін мынадай құжаттар беріледі (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда):

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);

3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;

5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

6) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

8) күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.

      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

3) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;

4) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

5) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

6) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.

      3. Энергия беруші ұйымдар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін мынадай құжаттарды береді:

      1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;

4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;

6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кәбілді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;

7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      4. Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдауды және таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін мынадай құжаттарды береді:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің өткізу қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу графиктері;

6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі акті.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау