Версия для слабовидящих

«Тараз қаласында2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысынбекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №524 қаулысына толықтыру енгізу туралы

ЖОБА

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 Тараз қаласы                                       №                   «___» ____________ 2019 ж

  

«Тараз қаласында 2019 жылға арналған орта білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №524 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 баптарына, «Білім туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Тараз қаласында 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №524 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4114 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28ақпанында жарияланған)келесідей толықтыру  енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы төмендегі жеке меншік мектептермен толықтырылсын.

«Абылай-Сана-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Інжу» балабақша, мектеп-гимназия» кешені 522 36125 40675 0
«Балалар білім  орталығы «Эрудит»  балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 60 15925 20475 0

2.«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қала әкімі                                                                                                           Қ.Досаев

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау