Версия для слабовидящих

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
31-қосымша

      Ескерту. 34-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде — 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағындакөзделген негіздер бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30, 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса);

порталға:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны;

еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бар болса);

білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсету арқылы өтінішті қабылдау туралы хабарлама жолданады.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі — әкім) атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын жүгіну туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы өтеусіз негізде оны бос жұмыс орны туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құралы арқылы тиісті жұмыстың болуы туралы хабарландыру арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтерді көрсетеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар — кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

13-тармағына сәйкес

20___ жылғы «___» ____________ бастап жұмыс іздеп жүрген адам ретінде

__________________________________________________________________________

(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) тіркелді.

Берілген күні: 20___ жылғы «___» ____________.

Орталық директоры ________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны ____________________________________

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бас тартудың себебі

________________________________________________________________________________

(себеп көрсетіледі)

________________________________________________________________________________

(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

Берілген күні: 20___ жылғы «___» ____________.

Орталық директоры ______________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны __________________________________________

«Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
Нысан

Өтініш

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2019 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

      Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуді сұраймын.

Өтініш беруші туралы ақпарат:

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _________________;

Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;

Осы арқылы, төменде қол қоя отырып, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, «Еңбек биржасы» (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсында менің дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондардың байланыс нөмірлері, тұрғылықты өңірі, электрондық пошта және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге дербес деректер) жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, «Еңбек биржасы» интернет-ресурсында тіркелген жұмыс берушілердің, жұмысқа орналастыру мақсатында аутсорсинг шарттары жасалған жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қарауы үшін орналастыруға келісім беремін.

Келісім осы өтінішке толық көлемде, қандай-да бір ескертулер мен қарсылықсыз қол қою арқылы беріледі.

20___ жылғы «___» ___________ ___________ (қолы).

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефон ______________________;

ұялы:_________________________;

E-mail: _______________________;

20___ жылғы «___» ____________.

Өтініш берушінің қолы: _____________________________________________________

________________________________________________________________________________

(қию сызығы)

№ ____ өтініш, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

_______________________________________________________________________________,

өтінішті тіркеген күні: 20____жылғы «___» ___________ (көрсетілетін қызметті алу

күні 20____жылғы «___» ___________)

Осы арқылы, төменде қол қоя отырып, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, «Еңбек биржасы» (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсында менің дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондардың байланыс нөмірлері, тұрғылықты өңірі, электрондық пошта және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге дербес деректер) жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, «Еңбек биржасы» интернет-ресурсында тіркелген жұмыс берушілердің, жұмысқа орналастыру мақсатында аутсорсинг шарттары жасалған жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қарауы үшін орналастыруға келісім беремін.

Келісім осы өтінішке толық көлемде, қандай-да бір ескертулер мен қарсылықсыз қол қою арқылы беріледі.

20___ жылғы «___» ___________ ___________ (қолы).

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) Өтініш беруші туралы ақпарат:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________________________________________;

Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________________;

Жынысы: _______________________________________________________________________;

Ұлты: __________________________________________________________________________;

Азаматтығы: ____________________________________________________________________;

Туған күні: ______ жылғы «___» __________;

Отбасылық жағдайы: _____________________________________________________________;

Тіркелген мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің нөмірі,

пәтердің нөмірі): _________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________;

Білім деңгейі: ___________________________________________________________________;

Мақсаттық топ: __________________________________________________________________;

Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ___________________________________________

Құжаттың сериясы: _______________ Құжаттың нөмірі: ________________________________

Кім берген: _______________________

Берілген күні: ______ жылғы «___» __________________________________________________

Жарамды: ______ жылғы «___» ____________________________________________________;

Ұялы телефон: __________________________________________________________________;

Байланыс телефоны: _____________________________________________________________;

E-mail: _________________________________________________________________________;

2) Тіркеу туралы деректер:

Жұмыссыздық себебі: ____________________________________________________________;

Жай-күй санаты: _________________________________________________________________;

Есепке тұру мақсаты: _____________________________________________________________;

Жұмыссыздығы басталған күні: ____________________________________________________;

3) Лайықты жұмыс іздеу үшін қажетті деректер:

Қалаған кәсіп: ___________________________________________________________________;

Қызмет бойынша нақтылау: _______________________________________________________;

Қалаған минималды еңбек ақы: ____________________________________________________;

Қалаған максималды еңбек ақы: ____________________________________________________;

Жұмыс режимі: __________________________________________________________________;

Тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға келісім: _______________________________________;

4) Білімі туралы деректер:

Оқу орнының толық атауы: ________________________________________________________;

Мамандық атауы: ________________________________________________________________;

Оқу орнының түрі: _______________________________________________________________;

Білімі бойынша қосымша мәліметтер: _______________________________________________;

Оқу орнына түскен жылы: ______ жылғы «___» _______________________________________;

Оқу орнын бітірген жылы: ______ жылғы «___» ______________________________________;

Мамандығы бойынша жұмысқа орналасуғы келісім: ___________________________________;

5) Еңбек жолы туралы деректер:

Кәсібі, лауазымы: ________________________________________________________________;

Қызмет бойынша нақтылау: _______________________________________________________;

Ұйымның атауы: ________________________________________________________________;

Сала: __________________________________________________________________________;

Функционалдық міндеттер: _______________________________________________________;

Осы мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі (жыл): ____________________________________;

Жұмысқа орналасқан күні: ______ жылғы «___» ______________________________________;

Жұмыстан босатылған күні: ______ жылғы «___» _____________________________________;

Кәсібі бойынша жұмысқа орналасуғы келісім: ________________________________________;

6) Дағдылар туралы деректер:

Хобби: _________________________________________________________________________;

Курстар, тренингтер, сертификаттар: _______________________________________________;

Арнайы дағдылар: _______________________________________________________________;

Жалпы дағдылар: ________________________________________________________________;

Тілдерді білуі: ___________________________________________________________________;

Тілді білу деңгейі: _______________________________________________________________;

6) Жүргізуші куәлігінің болуы туралы деректер: ______________________________________;

7) Қосымша байланысу тұлғасы (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны, e-mail

адресі): ________________________________________________________________________;

8) Қосымша мәліметтер:

Өтініш берушімен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар: _____________________________;

Сотталғандығының боуы: _________________________________________________________;

Өтініш берушінің мамандығының сұраныста болуы: ___________________________________;

Өтініш беруші ие мамандықтар саны: _______________________________________________;

Негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ___________________________________________;

Жалпы жұмыс өтілі: ______________________________________________________________;

Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі: ______________________________________________;

Ағымдағы жұмыссыздығының ұзақтығы: ____________________________________________;

Алдыңғы жұмыссыздығының мерзімі (ағымдағы жұмыссыздығына дейінгі):

_______________________________________________________________________________;

Кәсіптік оқытудан өту мерзімі (қысқа мерзімді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және

біліктілігін арттыру курстары): ____________________________________________________;

Жұмыс іздеу дағдыларының болуы: _________________________________________________;

Компьютерлік дағдыларының болуы: _______________________________________________;

Жұмысқа орналасуға мотивация деңгейі: ____________________________________________.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау