Версия для слабовидящих

Болашаққа бағытталған жоба

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың Ұлттық бағдарламасы – болашаққа бағытталған батыл және өршіл жоба. Бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашылуы – бағдарламалық мақалада айтылған заманауи қазақстандықтың даму векторлары. Міндеттердің көптүрлілігі қоғамның рухани өмірінің барлық спектрін қамтиды. Бағдарламада 6 арнайы жоба қамтылған. Олар: «Қазақ тілінің латын графикасына көшуі», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер», «100 жаңа оқулық», «Заманауи әлемдегі қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» деп аталады. Өз кезегінде әрбір арнайы жобаның ішінде өздерінің кіші бағдарламалары дамып келеді.
Ал бізге бағдарлама туралы ақпарат жеткілікті ме? Осы жылдың жазында өткен ауқымды әлеуметтік зерттеу біздің бағдарлама туралы ақпараттануымызға қатысты маңызды сұрақ «Ақпараттық алаңның қанықтығының деңгейі қандай?» дегенге жауап табуға тырысты. Шынында да, бізге бағдарлама туралы түрлі ақпараттық ресурстар жеткілікті ме? Осы мақсаттар үшін сұхбаткерлерге бағдарламаның мазмұны мен іс-шаралары туралы жеткілікті ақпарат алатындығы жөнінде бағалау ұсынылды. Жауаптарды бөлу зерттеуге қатысушылардың бағдарлама туралы ақпарат деңгейіне қанағаттанғанын көрсетеді. Осылайша, оң жауаптар ұсынған сұхбаткерлердің жиынтық үлесі 68,4%-ға тең. Теріс жауаптардың жиынтық үлесі 31,6%-ға тең. Сарапшылардың пікіріне келетін болсақ, оларға күрделі деңгейлі екі сұрақ қойылды. Сондай-ақ көптеген сарапшылар ақпараттық әлеуметтік зерттеу көрсеткіштен айырмашылығы 5%-дан аспайды деп санайды. Жалпы ел бойынша ақпараттық өрістің қанағаттанғысыз деңгейін сарапшылардың 9%-ы, ал өңірлерде 12%-ы атап өтті.
Жалпы зерттеуге 2500-ден астам қазақстандық және 49 сарапшы қатысты. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен https://cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.

«Десента» қоғамдық қоры

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау