Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімдігімен 2020 жылы «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы

Тараз қаласы әкімдігімен 2020 жылы

«Қатысу бюджеті» пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы

 

Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға бағытталған құны 15 млн. теңгеден аспайтын жобалар, tz.budget@mail.ru электрондық поштасына 2020 жылдың 1 ақпанына қоса алған мерзімге дейін қабылданады. Жобалар төменде көрсетілген категорияларға сай болуы керек, оның ішінде :

балалар алаңдарын жөндеу;

жалпы пайдалану орындарының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;

тротуарларды жайластыру;

балалар алаңдарын орнату;

жаттығу алаңдарын орнату;

футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын орнату;

жалпы пайдаланылатын мүкәммалды орнату (орындықтар, урналар);

қазылған шұңқырларды жайластыру;

қоршауларды жайластыру;

көшелерді көгалдандыру;

аулаларды көгалдандыру;

аулалардағы балалар алаңдарын жарықтандыру;

креативті аялдама кешендерін орнату;

кіреберіс үстін жарықтандыру;

контейнерлік алаңдарды орнату;

 бейберекет қоқыс тастайтын жерлерді жою;

мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне безендіру;

креативті шағын сәулет пішіндерінің дизайны; 

тұрғын үй ғимараттарының әсемдік жарығын безендіру;

жаяу жүргіншілер аймақтарын жайластыру. 

 

Аталған категорияға сай келетін жобалар іріктелгеннен кейін, Тараз қаласы үшін өзектілігі мен маңыздылығын анықтау мақсатында, Тараз қаласы тұрғындары Дауыс беру үшін Қала әкімінің Интернет-ресурсына орналастырылады.

Әкімдіктің Интернет-ресурсында авторизациядан өткен Тараз қаласының тұрғындары Дауыс беру процессі басталған күннен бастап
30 күнтізбелік күн аралығында ұсынылған Жобалық ұсыныстар бойынша дауыстарын береді.

Толық ақпаратты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында «Қатысу бюджеті» модулінен алуға болады.

 

 

 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау