Версия для слабовидящих

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының

 көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                  11 желтоқсан 2019 жыл

сағат 16:00

 

Төрағалық етуші: М.Мырзахметов

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни Тараз қаласындағы «Арай», «Қайнар», «Гидрокешен» алқаптары мен «Шаңырақ» шағын аудандарындағы жаңа көшелерге атау беру, «Құмшағал», «Қызыл-Абад», «Көлтоған», «Шөлдала», «Жиделі» шағын аудандарындағы және «Химик», «Жамбылстрой», «Металлист», «Юбилейная», «Ветеран», тұтынушы кооперативтеріндегі, «Родничок» алқабындағы, «Орман» саяжай алқабындағы, 4, 7, 9, 10 округтеріндегі қайталанатын, мағынасы ескірген көшелерді қайта атау туралы» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

М.Мырзахметов -Тараз қалалық мәслихатының № 15 сайлау округінің депутаты.
 

        Жұмыс тобының мүшелері:

 

Б.Акчалов — №2 сайлау округінің депутаты;
С.Мырзалиев — №8 сайлау округінің депутаты;
Ғ.Мадимаров

Ж.Бүркітбаева

Ж.Бөлекбаев

Э.Мырза-Ғали

— №12 сайлау округінің депутаты;

— №13 сайлау округінің депутаты;

— №16 сайлау округінің депутаты;

— №19 сайлау округінің депутаты.

 

Жұмыс тобының хатшысы:

А.Құдайбергенова — Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Шақырылғандар:

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы,  бөлім басшылары, бас инспекторлары, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Тараз қаласындағы «Арай», «Қайнар», «Гидрокешен» алқаптары мен «Шаңырақ» шағын аудандарындағы жаңа  көшелерге атау беру және «Құмшағал», «Қызыл-Абад», «Көлтоған», «Шөлдала», «Жиделі» шағын аудандарындағы және «Химик», «Жамбылстрой», «Металлист», «Юбилейная», «Ветеран»тұтынушы кооперативтеріндегі, «Родничок» алқабындағы,  «Орман» саяжай алқабындағы, 4, 7, 9, 10  округтеріндегі қайталанатын, мағынасы ескірген көшелерге қайта атау беру туралы.

 

Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенқызы Тоқсанбаеваға берілді.

        

         Баяндаушы – Б.Тоқсанбаева:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 27.09.2019 жылғы №19-32-20.357  бұрыштамасына сәйкес елді-мекендердегі атауы қайталанатын, мағынасы ескірген және атауы жоқ көшелерге ономастика саласындағы белгіленген  ұстанымдарды сақтай отырып, атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмасы берілген.

Атау беру, қайта атау мәселесі  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы хатына сәйкес  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне сәйкес жүргізіледі.

Тараз қаласындағы «Арай», «Қайнар», «Гидрокешен» алқаптары мен «Шаңырақ» шағын аудандарындағы жаңа көшелерге атау беру, «Құмшағал», «Қызыл-Абад», «Көлтоған», «Шөлдала», «Жиделі» шағын аудандарындағы және «Химик», «Жамбылстрой», «Металлист», «Юбилейная», «Ветеран» тұтынушы кооперативтеріндегі, «Родничок» алқабындағы, «Орман» саяжай алқабындағы, 4, 7, 9, 10 округтеріндегі қайталанатын, мағынасы ескірген көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағида» талаптарына сәйкес тұрақты комиссияның  қарауына ұсынып отырмыз.

Атап айтқанда:

Тараз қаласындағы  жаңа көшелерге берілетін атаулардың жобасы

Алқап, шағын аудан атауы Жаңа көше атауы Көшенің ұзындығы Жобаланған жаңа атау
«Арай» алқабы 1.       1-көше

 

750 м Қасым Қайсенов–(1918-2006) Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы;
  2.     2-көше 740 м Хиуаз Доспанова–(1922-2008жж.) Ұлы Отан соғысының майдангері, әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы;
  3.     3-көше 767 м Рақымжан Қошқарбаев –(1924-1988жж.) Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккен батыр, Халық Қаһарманы;
  4.     4-көше 567 м Роза Бағланова–(1922-2011жж.) Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы;
  5.     5-көше 720 м Шара Жиенқұлова–(1912-1991 жж.) Биші, Қазақстанның халық артисі;
«Қайнар» алқабы 6.     1-көше 1890 м Қожа Ахмет Йассауи –(1093-1166жж.) Түркі дәуіріндегі діндар-философ, сопылық ілімнің негізін қалаушы;
  7.     2-көше 1023 м Алпамыс батыр–Мөлшермен  ерте түркі (ғұн дәуірі) және түркі дәуіріндегі есімі мен басқыншы жауға қарсы ерлігі халық арасына кеңінен тараған батыр;
  8.     3-көше 307 м Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Ақ Орданың астанасы болған;
  9.     4-көше 290 м Баянауыл — Орталық Қазақстандағы ұлттық табиғат паркі;
  10.           5-көше 368 м Жайық – Қазақстанның батысындағы ірі өзен;
  11.           6-көше 529 м Арлан – қасқырдың  ең мықтысы, үйірін бастаушысы;
  12.           7-көше 537 м Байқоныс – төрт түлік малға жайлы, қырқа-қыратты жер;
  13.           8-көше 500 м Ақдала – кең-байтақ жазық жер.
«Шаңырақ»  шағын ауданы 14.           1-көше 3000 м Нұрғиса Тілендиев–(1925-1998жж.) КСРО және Қазақстанның халық әртісі, күйші, композитор;
  15.           2-көше 2900 м Сұлтанмахмұт Торайғыров–(1893-1920жж.) Көрнекті қазақ ақыны, жазушы;
  16.           3-көше 1200 м Бердібек Соқпақбаев–(1924-1991 жж.)  Қазақ балалар жазушысы;
  17.           4-көше 950 м Әміре Қашаубаев–(1888-1934жж.) 1925 жылы Францияда, 1927 жылы Германияда өнер көрсеткен қазақ әншісі;
  18.           5-көше 930 м Фариза Оңғарсынова  –(1939-2014жж.) Қазақстанның халық жазушысы, ақын;
  19.           6-көше

 

450 м

 

Ырысты – ырыс-несібесі, дәулеті мол;
  20.           7-көше 1350 м Желмая – шөлге төзімдi, күштi де жүйpiк түйе түлігінің түрі; аңыздағы Асан қайғының мініп жер шолған түйесі;
  21.           8-көше

 

2000 м

 

Әзірбайжан Мәмбетов–(1932-2009 жж.)Қазақстандық және бұрынғы советодағының театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері;
  22.           9-көше 1000 м Оралхан Бөкей -(19431993 жж.) Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  23.           10-көше 720 м Мұхамеджан Сералин-(1872-1929 жж.) Ақын, журналист;
  24.           11-көше

 

970 м

 

Темірбек Жүргенов–(1898-1939жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері;
  25.           12-көше

 

820 м

 

Латиф Хамиди–(1906-1983 жж.)  Композитор, КазССР халық әртісі;
  26.           13-көше 950 м Шәкен Айманов–(1914-1970жж.) Қазақ киномотографиясының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі;
  27.           14-көше 950 м Әлкей Марғұлан–(1904-1985жж.) Танымал қазақ тарихшысы, археолог-ғалым, академик;

 

  28.           15-көше

 

550 м

 

Ерке сылқым – кербез, сәнқой;
  29.           16-көше

 

550 м

 

Ақжайлау сонысы басылмаған, шөбі қалың, жазғы мал жайылымдық жер, қоныс;
  30.           17-көше

 

540 м

 

Шұрайлы – суы, оты мол мал жайылымдық жер; сондағы қоныс;
  31.           18-көше

 

585 м

 

Бұлбұл – торғай тектес дауысы әдемi әнші құс; сандуғаш;
«Гидрокешен» алқабы 32.           1-көше 374 м Тұйғын— лашын тұқымдас қыран құстың түрі.

Тараз қаласындағы 2 округ бойынша қайталанатын және мағынасы ескірген   көше атауларының тізімі

Округ атауы

 

Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
2 округ

«Бурыл» алқабы

1.                  Қазиев көшесі 204 м Қадыр Мырза Әли    –(1935-2011 жж.) Ақын, Қазақстанның халық жазушысы;
2 округ

«Бурыл» алқабы

2.       Қасымбеков көшесі 2210 м Тұманбай Молдағалиев– (1935-2011 жж.) Көрнекті қазақ ақыны;
2 округ

«Родничок»

алқабы

3.       Рыночная көшесі 400 м Кемеңгер – данышпан, асқан ақылды, дана;
2 округ 4.       Қаратауская көшесі 384 м Ермек Серкебаев-(1926-2013 жж.)  Әнші, актер, ССР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері.

 

Тараз қаласындағы 4 округ бойынша қайталанатын және мағынасы ескірген   көше атауларының тізімі

Округ атауы

 

Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
4       округ 1.        Краснозаменский көшесі 840 м Наурызбай батыр-

(1706-1781 жж.) Қазақтың һас батыры;

4 округ

«Қарасай» алқабы

2.       Кенесары көшесі 520 м Шаттық-думан, қуаныш-қызық; қызық, қуанышқа кенелген жұртшылық, ауыл-аймақ;
4 округ

«Қарасай» алқабы

3.       Кенесары көшесінің бұрылысы 100 м Шаттық-думан, қуаныш-қызық; қызық, қуанышқа кенелген жұртшылық, ауыл-аймақ;
4 округ

«Қарасай» алқабы

4.     Ақмолда батыр көшесі 170 м Ақтолқын – ақ көбік атқан судың жал-жалдары.

 

Тараз қаласындағы 7 округ  бойынша мағынасы ескірген   көше атауларының тізімі

Округ атауы

 

Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
7       округ 1. М.Калинин көшесі 1260 м Байкент –  сауда-саттық орталығы, базарлары бар шаһар;
7 округ 2. Буденный  көшесі 850 м Болат Карентаев-Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияның Кардиф университетінің магистранты.

 

Тараз қаласындағы 9  округ бойынша мағынасы ескірген   көше атауларының тізімі

Округ атауы

 

Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
9  округ 1. 7 ноябрь көшесі 370 м Ақсай – бастау, бұлақты сай; қоныс атауы.

 

Тараз қаласындағы 10 округ  бойынша қайталанатын және мағынасы ескірген   көше, бұрылыс атауларының тізімі

Округ атауы

 

Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
10   округ 1.       Ф.Дзержинский көшесі 310 м Ата мұра — атадан балаға қалған мирас;
10   округ 2.       23 партсъезд көшесі 1870 м Тайқазан — тайдың еті сиятындай үлкен қазан;
10   округ 3.       Кутузов көшесі

 

750 м

 

Райымбек батыр —                

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;

10   округ 4.       Кутузов көшесінің

1-бұрылысы

600 м Райымбек батыр —                

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;

10   округ 5.       Кутузов көшесінің

2-бұрылысы

550 м

 

Райымбек батыр —                

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;

10   округ 6.       Кутузов көшесінің

3-бұрылысы

250 м

 

Райымбек батыр —                

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;

10   округ 7.       Кутузов көшесінің

4-бұрылысы

320 м Райымбек батыр —                

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;

10   округ 8.       Декабристер

көшесі

690 м Қағанат- тарихи-көне. Қаған иелiгiне қаpайтын ел; саяси бipлестiк, мемлекет;
10   округ 9.       Жамбыл көшесі 2065 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10 округ 10.             Жамбыл көшесінің 1-бұрылысы 796 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10   округ 11.             Жамбыл көшесінің 2-бұрылысы 330 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10   округ 12.             Жамбыл көшесінің 3-бұрылысы 611 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10   округ 13.             Жамбыл көшесінің 4-бұрылысы 452 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10   округ 14.             Жамбыл көшесінің 5-бұрылысы 585 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;
10   округ 15.             Жамбыл көшесінің 6-бұрылысы 192 м Абылай хан       –(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;

 

10 округ

Орман саяжай алқабы

16.             Алмалы көшесі 703 м Аялы – аясы мол, аясы кең.

 

Тараз қаласындағы 11 округ бойынша қайталанатын және мағынасы ескірген атаулар тізімі

Шағын аудандар

және  кооперативтер атауы

 

    №

 

 Көше  атауы Ұзындығы Жобаланған жаңа атау
«Құмшағал» шағын ауданы 1.       Бауыржан Момышұлы көшесі 700 м Бейбарыс сұлтан-(1223-1277жж.) Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін салушы;
  2.       Ахмет Байтұрсынов көшесі 700 м Ақсарай – хан ордасы орналасқан қала атауы. (тарихи);
  3.       Амангелді Иманов көшесі 700 м Ақжар – өзен, бұлақ ағып жатқан жарлы өзек, сай;
  4.       Тұрар Рысқұлов көшесі 500 м Хантау – хан қоныстанған қыстау;
  5.       Исатай Тайманов көшесі 500 м Қансонар – жаңадан қар түскеннен кейінгі аң аулауға қолайлы кез;
  6.       Жамбыл  Жабаев көшесі 300 м Назқоңыр – қазақтың 100 әнінің біріне кіретін халық әні;
  7.       Абай Құнанбаев көшесі 1000 м Ақсу-Жабағылы – ежелгі қорық;
  8.       Кенен Әзірбаев көшесі 1000 м Сұлусай – табиғаты көз тартар әсем сай, сол сайдағы қоныс;
  9.       Махамбет Өтемісов көшесі 500 м Серпер – кең таралған күйдің аты;
  10.             Балуан Шолақ көшесі 500 м Тұмарлы – тұмары бар;

 

  11.             Мұхтар Әуезов көшесі 500 м Ақтоған – өзеннен егістік жерге тартылған үлкен бас арық (канал);
  12.             Міржақып Дулатов көшесі 500 м Байқоңыр – әлемге белгілі ғарыш айлағы;
  13.             Қайрат Рысқұлбеков көшесі 1000 м Үшқоңыр – үш биік жота, сол жердегі қоңыр салқын, мал-жанға жайлы қоныс, жайлау;
  14.             Желтоқсан көшесі 500 м Бурабай – Орталық Қазақстандағы ұлттық табиғат паркі;
  15.             Сәкен Сейфуллин көшесі 1000 м Ордабасы– қазақтың үш жүзі бас қосқан тарихи құрылтай өткізілген орын;
  16.             Сәкен Сейфуллин көшесінің бұрылысы 300 м Ордабасы – қазақтың үш жүзі бас қосқан тарихи құрылтай өткізілген орын;
«Қызыл  — Абад» шағын ауданы 17.             Абай Құнанбаев көшесі 1000 м Сығанақ – ортағасырлық қала, Ақ Орданың астанасы болған;
  18.             Төле би көшесі 700 м

 

Қарқаралы – қарқарасы бар, қарқа киген; таулардың атауы;
  19.             Әйтеке би көшесі 700 м

 

Қазығұрт – бір жылдық шөптесін өсімдік; тау, қоныс атауы;
  20.             Қазыбек би көшесі 700 м Сәйгүлік— жүйрік ат;
  21.             Бауыржан Момышұлы көшесі 700 м

 

Байғазықазақдәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы;
  22.             Жамбыл Жабаев көшесі

 

700 м

 

Ханжайлау – биік таулы жердегі, салқын-самалды қоныс, жайлау,
  23.             Жамбыл Жабаев көшесінің

1-бұрылысы

 

300 м

 

 

Ханжайлау – биік таулы жердегі, салқын-самалды қоныс, жайлау;
  24.             Жамбыл Жабаев көшесінің

2-бұрылысы

 

300 м

 

 

Ханжайлау – биік таулы жердегі, салқын-самалды қоныс, жайлау;
  25.             Қайрат Рысқұлбеков көшесі

 

500 м

 

 

Оқжетпес– Бурабай көлінің жағасындағы тау;
  26.             Ыбырай Алтынсарин көшесі 300 м Телқоңыр – енесін құлын, тай кезінде еміп, еркін, бұла өскен жүйрік; күй атауы;
  27.             Школьная көшесі 500 м Аякөз –  Қозы Көрпеш жырында айтылатын Ай-Таңсық өзенімен байланысты елді мекеннің тарихи атауы;
«Көлтоған» шағын ауданы 28.             Первомайская көшесі 1200 м Сарайшық– орта ғасырлық қала, Алтын Орданың  ірі сауда және экономикалық орталығы болған;
  29.             Новая көшесі 300 м Шамшырақ – жарық, сәуле;
  30.             Орловская көшесі 500 м Ақжібек – жұқа, қымбат матаның түрі; қыз есімі;
  31.             Қаратау көшесі 300 м Ақшоқы – ақшыл тасты, биік таулы жер, сол жердің баурайындағы қоныс;
«Шөлдала» шағын ауданы 32.             Тұрар Рысқұлов көшесі 1000 м Сұлутөр – таудың биік жоғары бөлігіндегі кең жазық, тепсең; қоныс;
  33.             70 лет Октября көшесі 300 м Сарыөзек – жазға салым бастау-бұлағы, өзен суы тартылып қалатын сайлы үлкен өзек;
  34.             Набережная көшесі 300 м Қарабұлақ – сазды жер астынан шығып жатқан бұлақ; сол жердегі қоныс,
  35.             Молодежная көшесі 300 м Қызылжар – топырағы қызғылт түсті, жар-қабақ; сол аймақтағы қоныс;
  36.             Заводская көшесі 200 м Нәуірзек – ерте көктемде келетін жыл құсы;
  37.             Дачная көшесі 300 м Қоғалы – қоға қалың өскен жер-су, елді мекен атауы;
  38.             Новая көшесі 300 м Сапаркент – керуен тоқтайтын, дамылдайтын қала; керуен жолындағы қала;
«Жиделі» шағын ауданы 39.           Қазақ көшесі көшесі 1000 м Білге қаған-(681-734 жж. өмір сүрген) Шығыс Түркі Қағанатының қағаны;
«Химик» тұтынушы кооперативі 40.           Железнодорожный көшесі 600 м Ақбаян – әдемі, сұлу (қыз);
«Химик» тұтынушы кооператві 41.           Цветочная көшесі 600 м Таң самалы – таңғы салқын жел;
«Жамбылстрой» тұтынушы  кооперативі 42.           Клубничный көшесі 500 м Ақдидар – әдемі, сұлу келбет (қыз);
«Металлист» тұтынушы  кооперативі 43.           Клубничный көшесі 300 м Алтынкөл – суы тұнық, сұлу, әдемі көл;
«Юбилейная» тұтынушы  кооперативі 44.           Клубничный көшесі 800 м Жанартау – отты тау;
«Юбилейная» тұтынушы кооперативі 45.           Цветочная көшесі 800 м Толқын – көл, теңіз суының жал-жал түріндегі күшті шайқалысы;
«Ветеран» тұтынушы кооперативі 46.           Центральная көшесі 700 м Аманжол – жолы ашық, жолы сәтті (адам).

 

Барлығы-105 көше

Көше-91

Бұрылысы -14

Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттары жинақталып республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

         Баяндаманы талқыға салу барысында ұсыныстары мен  пікірлерін білдіргендер.

  1. К.Абдалимов («Арай» алқабының тұрғыны):

Жалпы бұл көтерілген мәселе өте дұрыс, өйткені көшелердің атаулары жоқ болғандықтан жедел-жәрдем шақыру кезінде және тіркелу барысында қиындықтар туғызуда. «Арай» алқабындағы көшелерге берілетін атаулардың барлығы  республикаға танымал тұлғалар. Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаевтай Қазақстанның Халық Қаһармандарының есімдерін көшемізге беру біз үшін мәртебе ал, жастар үшін үлгі, өнеге.

  1. К.Өксікбаева(«Көлтоған» шағын ауданының тұрғыны):

Тараз қаласының аумағына  Құмшағал, Шөлдала, Жиделі, Көлтоған шағын аудандары мен тұтынушы кооперативтері қосылғандықтан бірнеше  көше атаулары қайталанып отыр. Осы қайталанған көше атауларына тарихи тұлғалар мен жер-су және дәстүрлі атауларының берілуі ұрпақтың ұлттық санасын оятып, еліміздің тарихын танытуға мол ықпал ететіні сөзсіз.

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.

Қолдағандар — 7 . Қарсы — жоқ. Қалыс – жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Көпшілік тыңдаудың хаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                 М.Мырзахметов

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Б.Акчалов
 

С.Мырзалиев

 

Ғ.Мадимаров

 

Ж.Бүркітбаева

 

Ж.Бөлекбаев

 

Э.Мырза-Ғали

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                         А.Құдайбергенова

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау