Версия для слабовидящих

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде жаңа бизнесті іске асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған адамдарға беріледі. Мемлекеттік гранттарға үміткерлер — Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқуды аяқтаған және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі — Бағдарлама) қатысушылары.

Жастарға, көпбалалы және табысы аз отбасыларға, еңбек етуге қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
Барлық сұрақтар бойынша: Желтоқсан көшесі № 78 Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. (тел:94-11-62, сот:87077425696)

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау