Версия для слабовидящих

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуы және оны бақылау

 

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуы және оны бақылау

Сақтандыру дегеніміз сақтандыру ұйымы өзінің активтерінің есебінен жүзеге асырылатын сақтандару төлемі арқылы сақтандыру шартымен белгіленген басқа жағдайлар туындаған кездегі жеке және заңды тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғау бойынша қатынастар кешенін білдіреді.

Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.

Сақтандыру-халықтың жеке және шаруашылықтық мүліктік мүдделерін табиғи апаттан немесе басқада белгісіз төтенше салдардан болатын шығындардан арнайы мақсатты қор құру арқылы өтеледі. Оның негізгі қайнар көзі сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген  төлемі.

Тәуелсіздігіміздің отыз жылға жуық кезеңінде, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы біршама өзгерістерді басынан кешірді. Бұл ретте сақтандыру нарығының дамуына әлемдегі сақтандыру компанияларының тәжірибесі септігін тигізбей қойған жоқ.

Сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындау үшін Сақтандыру қызметі туралыҚазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126 Заңы күшіне енген болатын.

Жоғарыда айтылған Заң «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылуда.

Сақтандыру нарығынадағы оңтайлы өзгерістердің бірі ретінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері интернет-ресурстарды пайдаланып, электронды нысанда сақтандыру шарттарын жасап, электронды нысанда сақтандыру полистерін ресімдей алатынын айтып өткен жөн. Электронды нысандағы шартты жасау мүмкіндігі міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.

Онлайн-сақтандыруды енгізумен міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаз полистер айналыстан шығарылады. Енді автокөлік иелеріне әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полистерін көрсетудің қажеті жоқ, себебі сақтандыру шартын жасау дерегі сақтандыру жөніндегі деректердің бірыңғай қорына сұрату жіберу арқылы тексерілетін болады.

Онлайн-сақтандыруды енгізу халық және бизнес үшін сақтандыру құнын азайтады, офиске бармастан немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру  компанияларының  интернет-ресурстары арқылы тікелей шарт жасауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды тездетуге мүмкіндік береді.

Экономикадағы және сақтандыру нарығындағы жүргізіліп жатқан оң өзгерістер бұл тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы және біздің ортақ жетістіктеріміз.

 

ҚРҰлттық Банкі Жамбыл филиалының

жетекші маман-заң кеңесшісі

Несіпбаев Нұрғиса

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау