Версия для слабовидящих

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ СЕНБІЛІГІ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ СЕНБІЛІГІ

2019 жылддың 21 желтоқсанында Тараз қаласы аумағында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін арттыру және өрт және улы газбен улану оқиғаларына жол бермеу мақсатында, Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырды.

Іс-шараға Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ және «КазТрансАймақ» ЖПФ АҚ мамандары қатысты. Тұрғын үй секторы айналып өтілді, насихаттау материалдары таратылды: жаднамалар, буклеттер, нұсқаулар.

Аулаларды аралаудың нәтижесінде жалпы 455 тұрғын үй қамтылды, жылыту пештері мен газ жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау бойынша 1187 көрнекі құралдар таратылды. Барлығы 954 адам қамтылды.

Сенбілік өткізу аясында ТЖ мамандары тұрғын секторларда жылыту пештерін, газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудан болған өрттер туралы мысалдар келтірілді.

Өрт қауіпсіздігі саласында халықты жаппай үгіттеу мақсатында, Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды келешекте жалғастырады, «Ескертілген — демек жарақталған» — деп халық даналығы жай айтылмаған ғой.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

 инженері азаматтық қорғау майоры Ардак Токсабаева

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау