Версия для слабовидящих

Тараз қаласының 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы «әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» АНЫҚТАМАСЫ

Тараз қаласының 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы «әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»

АНЫҚТАМАСЫ

Өнеркәсіп

2019 жылдың қаңтар-қарашаайларында қала кәсіпорындары 253 млрд. 789,2 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2018 жылы – 210 млрд. 708,4 млн. теңге), физикалық индекс көлемі 105,4 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 43 млрд. 80,8 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (357,8 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 709,2 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы –591,7 мың теңге).

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

         — өңдеу өнеркәсібінде 206 млрд. 559,3 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,5% құрады (2018 жылы  – 160 469,8 млн. теңге);

         — кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 879,9 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 102,1% құрады (2018 жылы – 1026,2 млн. теңге).      

         — электрменжабдықтау, газ беру саласында 43 млрд. 828,5 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 103,0% (2018 жылы – 46 925,1 млн. теңге);

         — сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 2 млрд. 521,4 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 108,3%-ды құрады (2018 жылы  – 2 287,3 млн. теңге).

Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 133 млрд. 800,4 млн. теңгенің өнімдерін өндірген (2018 жылы – 98 204,7 млн. теңге) немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 35 млрд. 595,7 млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 52,7 пайызды құрады (2018 жылы – 46,6%).

         Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 млн. 755,0 мың тоннаға өнім өндіріліп (2018 жылы – 1 524,0 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 231 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: күкірт қышқылы 107,3 мың тоннаға, сары фосфор  8,4 мың тоннаға, аммофос 133,6 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 5,4 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 4,6 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 8,3 мың тоннаға кеміген, майда таратылған фосфор және фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған.

         Тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялық қант корпорациясы»   АҚ-ы – есепті кезеңде 26 млрд. 891,0 млн. теңгеге (2018 жылы – 12 034,3млн. теңге) 150,0 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі                 87,7%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 79,9 мың тонна).Дегенмен,ағымдағы жылдың 7-ші қазанынан бастап, «Орта азиялық қант корпорациясы» Ресейлік өнімнің бағасына бәсекелестік көрсете алмай жұмысын тоқтатты.

             Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 22,1% немесе 9 млрд. 388,6 млн. теңгені құрады (2018 жылы –27,8% немесе 7 млрд. 868,7 млн. теңге). Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,9% немесе 1 млрд. 904,6 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 12,3% немесе 1 351,6 млн. теңге).

             2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық — инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

             Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 млрд. 124,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

         Есепті кезеңде Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жалпы құны 4 млрд. 47,0 млн. теңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарланып, қосымша 221 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделген.

         Алайда, Жамбыл  облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және  индустриалды-инновациялық  дамыту басқармасына «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізу жобасын (жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 71 жұмыс орындарын ашу) қаражат тапшылығына байланысты 2020 жылға ауыстыруды  және   «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жобасын (жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 7 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындарын ашу)Кәсіпкерлікті қолдау картасынан шығаруға  ұсыныс  хат  жолданған.

        Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Жамбыл облысының өнеркәсіпті дамыту картасына Тараз қаласынан  қосымша 1 жоба  ұсынылды. Ол:

        «Джон БанметаллПром» ЖШС-нің «мырыш оксиді мен қорғасын оксидін шығаратын цехты қайта  құру». Жоба  құны  6 800 млн. теңге 250 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда. Жобаның іске қосылу мерзімі ағымдағы  жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

2020 жылы жалпы құны 22 млрд. 600,0 млн. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 519 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.

1. «Ekojer» ЖШС-гі – «Қоқыс өңдеу зауыты» жобалар құны 17 млрд. 500,0 млн. теңгеге 12 жоба ұсынып отыр. «Ekojer» ЖШС-і индустриалдық аймақтан 18,0 га қажетті жер телімі туралы ұсыныс хат түсті.

2. «СП-Тараз PET» ЖШС-нің полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге (оның 1238,8 млн. теңгесі жеке және 2621,1 млн. теңгесі қарыз есебінен). Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік.

3. Тараз қаласындағы «TARAZLNG» ЖШС-гі сұйытылған табиғи газды өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады.

4.«Дәмді себет» ЖШС-ң «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жоба құны 320,0 млн. теңге,жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.Іске асыру мерзімі 2020 жылдың II-жарты жылдығына  жоспарланып отыр.

5. «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і –і «Ферроқорытпа өндірісі мен шикізат базасын кеңейту және әртараптандыру (2-кезең)». Жобаның жылдық қуаты – 300,0 мың тонна ферроқорытпа. Құны – 29,0 млн.теңге. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылады. 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

        Бұдан бөлек, 2020 жылға Жамбыл облысының өнеркәсіпті дамыту картасына Тараз қаласынан  қосымша 1 жоба  ұсынылды. Ол:

        ЖК «Империя» «Балмұздақ шығаратын цехын ашу». Жоба құны 800 млн.теңге, 123 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Жобасының іске қосылу мерзімі 2020 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында («Тараз металлугиялық зауыты» ЖШС-і жанынан) орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланған.

 Бүгінгі күнге, индустриалдық аймаққа қызығушылық білдірген жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 9 кәсіпкер (жаңа жұмыс орны 548 бірлік) анықталып отыр. Дегенмен бұл жобалардың қамтитын аумағы шамамен 35 га құрайды. Яғни, жалпы индустриалық аймақтың тек үштен бір бөлігін  (1/3)  құрайтын болады. Сол себепті, бастапқы кезеңде         индустриялық аймақтың жер телімін 3 кезеңге бөле отырып, алғашқыда 1-ші бөлігіне әлеуеті жоғары  нақты инвесторлардың санын және жобалық қуаттылықтарын ескере отырып инфрақұрылым желілерін тарту ұсынылуда. Индустриалдық аймаққа орналасатын кәсіпорындардың жоба қуаттылықтарын ескере отырып, алғашқы кезеңіне инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге шамамен 1 264,3 млн.теңге қаражат қажет ететін болады деп болжануда, оның ішінде: электрмен қамтуға  — 339,2 млн.теңге,  газбен қамтуға – 201,6 млн.теңге, сумен қамтуға – 47,5 млн.теңге, кәріз құрылысы – 135,9 млн.теңге, жол құрылысы – 187,7 млн.теңге және темір жол құрылысы – 352,4 млн.теңге.

Анықтама ретінде: Салыстырмалы түрде Тараз қаласындағы индустриялық аймақтың 1 гектарына шамамен 36,0 млн.теңге жұмсалатын болса, Алматы қаласының индустриалдық аймағын құруға 1 гектарына шамамен 40,0млн.теңге жұмсалған. Тараз қаласындағы индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту құнының төмен болуы,  инфрақұрылымы дамыған зауыттардың жақын орналасуымен  түсіндіріледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту   басқармасының  жанындағы Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету ораталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында,  бизнес-жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 млрд. теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 млрд. теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ.  Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 пайызбен өтейді.  Бір айта кетерлігі аталған бағдарлама бойынша кредиттің ең жоғарғы сомасы шектелмеген. Бағдарлама бойынша халық  күнделікті тұтынатын 365-ке (67 ОКЭД) жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, көйлек, төсек жабындысы, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар бар.

         Бүгінгі күнге кәсіпкерлік саласы бойынша 9,7 млрд. теңгеге 165 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсынылған. Оның ішінде 95,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба  мақұлданып, 42,0 млрд. теңгеге 8 жоба қарау сатысында.

         Мақұлданған жобалар:

— ЖК «Қылышбекова» мал өсіруге 50,0 млн. теңге, 

— ЖК «Жумабекова» балабақша ашуға 18,0 млн. теңге,

— «Мark of perfeсtion» макарон өндірісін шығаруға 27,0 млн. теңге. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 62 жаңа жұмыс орнын ашылатын болады.

         Қарау сатысындағы жобалар:

— «KazStonePaper»ЖШС (гофрленген қаптама өндірісі) 1,5 млрд.теңге,

— ШҚ «Рамазан» (жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту) 15,0 млн.теңге,

— ЖК «Козин» (нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру) 100,0 млн.теңге,

— ШҚ «Момбек» (мал мен буйволдардың өзге де тұқымдарын өсіру) 50 млн.теңге,

— «Казфосфат» ЖШС (Химия өнеркәсібі), 39 606 млн.теңге,

— ЖК «Егембердиев» (өзге де жиһаз өндірісі), 15 млн.теңге,

— «Ак Мирас балабакшасы» ЖШС (мектепке дейінгі білім беру) 25 млн.теңге,

— «Агроспецстрой» ЖШС (бетоннан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі) 360 млн.теңге.

         Қалған 154 жобағакепілге қоятын мүліктің болмауына және несие тарихының нашар болуына орай бағдарламаға қатыса алмайтыны анықталды.

         Сонымен қатар, өңірлерде маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу мәселелері жөнінде Тараз қаласына I-ші кезең бойынша 2 218 кәсіпкерлер субъектілері (оның ішінде: 118 шаруа қожалығы, 614 ЖШС және 1482 жеке кәсіпкер) тіркелді.

         Бүгінгі таңда, 2 218 кәсіпкерлер субъектілерінің 1533 кәсіпкеріне анкеталық сауалнама жүргізіліп, 2 млрд. 600,0 млн. теңгеге 218 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсынылды.

         II-ші кезеңде қала  бойынша барлығы 35 442 кәсіпкерлер субъектісіне сауалнама жүргізу жоспарланып, 100% сауалнама жүргізілді. Қазіргі таңда  жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 218 жоба идеялары мен құжаттарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

         Жалпы Тараз қаласының өнеркәсіп саласына тиесілі жер телімі 4297 гектарды немесе қала аумағының 22,9 пайызын құрайды. Бұл жерлердегі пайдаланушылар саны 3400 бірлікке жетті. Тараз қаласының өндірістік аумағының (Төле би, Ниетқалиев, Исатай, Сүлейменов және Әл-Фараби көшелері бойынша) картасы әзірленіп, 1487 гектарды құрайтын 379 жер иеленуші кәсіпкерлердің картасы жасақталды. Ол жерлерде, инвентаризациялау жұмыстарының нәтижесі бойынша 209,2 гектарды құрайтын 21 нысанның өндірістік қызметі тоқтап, тиісті жер телімдерінің бос тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, Сыпатай, Мәмбет батыр көшелеріндегі 217 гектарды құрайтын 209 жер пайдаланушылар саны бар болса, онда 28,1 гектарды құрайтын 8 бос өндіріс нысандары анықталды.

         Есепті кезеңде ауылшаруашылық саласында 8 млрд. 510,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 98,6 пайызды құрады (2018 жылы – 8 022,5 млн. теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша  1 млрд. 351,8 млн. теңгеге (2018 жылы – 1 204,1 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 6 млрд. 617,9 млн. теңгеге (2018 жылы – 6 076,0 млн. теңге) өнім өндірілген.  Осы сала бойынша ірі қара мал – 179 басқа немесе 4,1%-ға (2018 жылы – 4355 бас, 2019 жылы – 4534 бас), жылқы 2 басқа немесе 0,2%-ға (2018 жылы – 1032 бас 2019 жылы – 1034 бас), ешкі – 47 басқа немесе 8,7%-ға  (2018 жылы – 538  бас, 2019 жылы – 585 бас), үй құстары 37226 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 560 басқа немесе 1,5%-ға  өсіп отыр (2018 жылы –36 666 бас, 2019 жылы – 37226 бас). Ал, қой — 41 басқа немесе 0,8%-ға (2018 жылы – 5326 бас, 2019 жылы – 5285 бас), шошқа – 123 басқа немесе 11,4%-ға (2018 жылы – 1080 бас, 2019 жылы – 957 бас) төмендеген. Сондай-ақ сүт өндіру 1,5 тоннаға немесе 0,1%-ға өссе (2018 жылы – 5159,4 тонна, 2019 жылы – 5160,9 тонна),жұмыртқа 100,0%-ды құрап өткен жылдың деңгейінде (2018 жылы – 1741,4 мың дана, 2019 жылы – 1742,4 мың дана) қалыптасып отыр. Ал ет өндіру 0,1%-ға (2018 жылы – 368,0 тонна, 2019 жылы –367,8 тонна) төмендеген.

         Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қаланың коммуналдық базарында 25 жәрмеңке өткізіліп, 221 млн. теңгенің 907,6 тонна тауарлары және Тараз қаласының орталық алаңында 2 жәрмеңке өткізіліп, құны 89,9 млн. теңгенің 314 тонна тауарлары өткерілді.

         Қазіргі таңда қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші 98 цехтар мен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Оның ішінде: шұжық өндіретін цехтар — 27, сүт өңдеуші кәсіпорындар — 5, кіші наубайханалар -10, лепешка цехы – 17, ұн өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар — 4, қымыз цехы-1, қант шығаратын зауыт – 1. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2158 адамды құрайды.

         Жалпы қалада шаруа қожалықтарының жерлері 591 га құрайды. Атап айтқанда: 250 га жерге пияз, 25,9 га жерге жүгері, 3 га жерге картоп, 40 га қызылша, 272,1 га жерге мал азығы дақылдары егілді.

         Қазіргі таңда 250 га пияздан 17500 тонна (1 га алқаптан 70 тонна), 25,9 га жүгеріден 140 тонна (1 га алқаптан 7-8 тонна), 3 га картоптан 75 тонна (1 га алқаптан 25 тонна), 40 га қызылшадан 1600 тонна (1 га алқаптан 40 тонна),  өнім алынды.   

         Ветеринария саласында – 2019 жылдың басынан 4250 бас МІҚ, 6800 бас УАҚ,  950 бас шошқа,  600 бас жылқы, 22500  бас ит, 2200 бас мысық және 31000 бас үй құстары тіркеуге алынып, оларға  эпизотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен 32,0 млн. теңге бөлініп, 100%-ға орындалды.

         Қазіргі уақытта сібір жарасы ауруына қарсы 4000 бас МІҚ, 6300 бас УАҚ, 600 бас жылқы, 1000 бас шошқа, аусыл ауруына қарсы 8200 бас МІҚ, 13000 бас УАҚ, 1500 бас шошқа, сақау ауруына қарсы 200 бас жылқы, лептоспироз ауруына қарсы 200 бас шошқа, қарасан ауруына қарсы 2000 бас МІҚ, туберкулез ауруына қарсы 7500 бас МІҚ, 750 бас шошқа, маңқа ауруына қарсы 250 бас жылқы, оба ауруына қарсы 3000 бас УАҚ мал, күл ауруына қарсы 6300 бас УАҚ, сүйел ауруына қарсы 1000 бас УАҚ, эхинококкоз ауруына қарсы 73500бас ит, құтыру ауруына қарсы 22000 бас ит, 2200 бас мысық және тейлериоз ауруына қарсы 2000 бас МІҚ, сальмонеллез ауруына қарсы 100 бас жылқы егілді.

         2019 жылға егеуқұйрықтарды жою жұмыстарына 11,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Егеуқұйрықтарды жоюға өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Гарант» дезинфекциялық орталығы ЖШС-гі электронды сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып анықталды. Бөліммен келісім-шартқа отырып, қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қоқыс тастайтын контейнерлерге  дератизациялау жұмыстары жүргізілді.

         2019 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтар ұстап жоюға жергілікті бюджеттен 20,4 млн. теңге қаражат  бөлініп, толығымен игерілді. Барлығы 11411 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды (2018 жылы — 12441 бас қаңғыбас ит пен мысық).

         «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттарды алу үшін қалалық бюджеттен 7,3 млн. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттар алынып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Заласыздандыру жұмыстарының I-ші кезеңінде ауылшаруашылық малдарына, оның ішінде 565 бас МІҚ, 243 бас жылқы, 1215 ит, 3097 ұсақ малдарына, 4309 аула, жалпы көлемі 1 млн. 97,8 мың шаршы метр қора-жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

         Ағымдағы жылы малдарды емдеу, дезинфекциялау, вакцина салу үшін ветеринарлық пункт ашуға Родничок тұрғын алқабы, Тобылғы көшесі, 5А үйін (ескі мал базары маңы)  6,0 млн. теңгеге және Талас көшесі, 135 үйін (қант зауыты маңы) 7,8 млн. теңгеге сатып алынды. Өткен жылы 2 ветеринарлық пунттер ашылған болатын.

         Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі                    66  млрд. 667,9 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 102,7% құрады  (2018 жылы – 61 641,1 млн. теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (357,8 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 186,3 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 173,1 мың теңге).

         Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар —  33 млрд. 302,8 млн. теңгені құрап, 54,7%-ға (2018 жыл – 21 528,0 млн. теңге), банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 млрд. 950,2 млн. теңгені құрап, 2 есеге өссе(2018 жыл – 931,2 млн. теңге). шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 31 млрд. 415,0 млн. теңге немесе 7,2%-ға төмендеген (2018 жыл – 39 181,8 млн. теңге).

         Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 200 млрд. 866,4 млн. теңге (2018 жылы – 187 091,2 млн. теңге) немесе  нақты көлем индексі 101,5% құрады. Көтерме сауда тауар айналымы  172 млрд. 225,7 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 104,3%-ға орындалды (2018 жылы – 139 219,5 млн. теңге).        

         Қалада қазіргі уақытта 34379кәсіпкерлік  субъектілері тіркелсе (2018 жылы – 32 548),  оның ішінде 28028 жеке кәсіпкер,  6166 шағын, 29 орта және 156 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 27712(2018 жылы – 23 324), оның ішінде жеке кәсіпкер – 21496, шағын – 4058, орта – 29 және шаруа қожалығы – 129 құрайды.

         Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 23,2% немесе 9 млрд. 852,2 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 25,1% немесе 8 938,5 млн. теңге). Қала бюджеті бойынша  шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 22,1% немесе 3 млрд. 262,2 млн. теңгені құрады (2018 жылы – 25,3% немесе 2 773,2 млн. теңге).

          «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында субсидия тетігі бойынша 2 млрд. 708,9 млн. теңгеге 51 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша – 422,9 млн. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, Несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде өткен жылдан өтпелі 721,0 млн. теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 432,7 млн. теңгеге Тараз қаласы бойынша 31 жоба қаржыландырылды.

          2019  жылдың мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 млн. теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының  4-нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық  Аймақтық Үйлестіру Кеңесімен 29 маусым күні байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 млн. теңгеге: Жеке кәсіпкер «Алике» құлпынай өсіруге жылыжай үшін 2,0 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Нұрлан» арнайы құралдар жасау үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Energy» электр тоғын үнемдейтін құралдар шығару үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Ecosystem services» арнайы құрал-жабдықпен сорланған жерлердің құнарлығын арттыру үшін  3,0 млн. теңге грант ұтып алды.          «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша жастар жылына байланысты Республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, облыстық бюджеттен 303 млн. теңге қаражат барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 109,2 млн. теңгеге 47 жоба Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.

          Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140-тан аса дүңгіршектер мен павильондардар анықталып, бүгінгі күнге 109-ы алынып тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына, типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-ның тетігі арқылы  конкурстық негізде орнату бойынша 7 рет аукцион өткізіліп, 41 жер учаскесі жеке тұлғаларға беріліп, сауда қызметі жүзеге асырылуда. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын  сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.

          2019 жылдың қаңтар – қараша айларында инфляция деңгейі  4,5%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 8,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 4,2%-ға өссе,  ақылы қызметтер тарифі – 0,4%-ға төмендеген).

          Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 көрсеткішіне сәйкес, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 7 көрсеткіш бойынша 7,7%-ға төмендеген, 11 көрсеткіш орта есеппен 14,0%-ға өскен (ол: ұн 1-ші сұрыпты, нан 1-ші сұрыпты, сиыр еті, тауықтың сан еті, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, картоп, тұз және сәбіз).1 көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда сол деңгейінде қалған.

          2019 жылдың қаңтар – қараша айларында мемлекеттік бюджетке 42 млрд. 466,5 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 108,7%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке  13 млрд. 838,9 млн. теңге немесе 105,5%, жергілікті бюджетке – 26 млрд. 627,6 млн. теңге немесе 120,3%. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджетке – 13 млрд. 866,5 млн. теңгеге немесе 102,5%-ға, ал қалалық бюджетке 14 млрд. 761,1 млн. теңгеге немесе 118,9%-ға орындалды. Ағымдағы жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жыл басында бекітілген жоспармен салыстырғанда 106,2 пайызға жеткізу межесі белгіленген. Жалпы 2019 жылға бекітілген жоспар 9 млрд. 733,0 млн. теңгені құрайды.

          2019 жылдың 1 желтоқсанына қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 98,1%-ды құрады, төлемдер жоспары 73 млрд. 911,5 млн. теңге болса, игерілуі 72 млрд. 497,2 млн. теңге, немесе игерілмеу – 1 414,3 млн. теңгені құрады.  (2018 жылы – 1493,6 млн. теңге игерілмеген немесе 97,0 пайызды құраған).

          Игерілмеген қаражаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері кескінінде төмендегі мәліметтермен сипатталады:

          Қалалық құрылыс бөлімі бойынша 275,8 млн. теңге игерілмеген. Оның ішінде:

— 93,0 млн.теңге Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 80 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысын салу (Мердігер 7,3; 8,2 жер телімдері «Бином» ЖШС және 8,3 жел телімі «Агроспецстрой» ЖШС) бойынша 5 пайыз кепілдік сомасы;

— 36,5 млн. теңге Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу  (6,2; 7,3; 2,2; 2,3; 2,4, 2,6,жер телімдері Мердігер ТОО БазисДорСтрой) бойынша мердігер тарапынан атқарылған жұмыстар актісін ұсынбауынан;

— 10,8 млн. теңге Тараз қаласындағы Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесі бойында су тартқыш салу (мердігер «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС) бойынша 5 пайыз кепілдік сомасы;

— 130,2 млн. теңге Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу бағдарламасы бойынша 9 пәтердің мемлекеттік сатып алу бойынша қараша айының соңында анықталуынан және 7,4 млн. теңге үнемделген қаражат;

Қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша – 11,5 млн. теңге, атқарылған жұмыстар актісіне сәйкес игерілмеген.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша  1 094,4 млн. теңге игерілмеген. Оның ішінде:

— 1 083,7 млн. теңге. Ұлттық қор есебінен тиісті жоғарғы уәкілетті орган тарапынан желтоқсан айында қырқартылатын қаражат;

— 5,4 млн. теңге республикалық бюджет есебінен Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша өтінім берушілердің 56 адам оқудан мерзімінен бұрын шығып кетуіне байланысты;

— 3,8 млн. теңге қалған барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты.

  Қалалық білім бөлімі бойынша  10,2 млн. теңге игерілмеген. Оның ішінде:

— 3,1 млн.теңге республикалық бюджет есебінен Жалпы білім беру бойынша жекеменшік мектепте бала санының аз болуынан және орта мектептердің әлеуметтк ұстанымдар мен аударымдардан), нақты шығын жоспардан кем  болуына байланысты;

— 7,1 млн. теңге қалған барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты

          Қалған барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 23,0 млн. теңге оның ішінде 3,7 млн тенге үнемделген қаражат, 19,3 млн тенге нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты игерілмеуі болжануда.

          2019 жылы әлеуметтік салаға 40 млрд. 715,9 млн. теңге немесе қала бюджетінің 48,9% бағытталды. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 8 млрд. 308,7 млн. теңге қарастырылған (2018 жылы – 2 млрд. 23,1 млн. теңге).

          2019 жылдың қаңтар — қараша айларында 4 млрд. 427,2 млн. теңгеге 10946 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2861 отбасына 125,2 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 8085 отбасының 40908 адамына 4 млрд. 302 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді.                          Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 7337 азамат қамтылды, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 4446 адам,  әлеуметтік жұмыс орындарына 43 адам, жастар тәжірибесі бойынша 332 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 760 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 1044адам, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 346 адам, шағын несие беру бойынша 33 адам, гранттар беру бойынша 106 адам және инфрақұрылымдық жобалар бойынша 227 адам орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 3003 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

          Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 7274 адам өтініш білдірсе, оның 5808 адамы жұмыспен қамтылды немесе 79,8% (2018 жылы 5306 адам 78,7%). 2019 жылға қоғамдық жұмыстарына 233,9 млн. теңге бөлініп, 630 адам жолдануы жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымды жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 760 азамат қатыстырылды. 

          Бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 46372 адамды құраса, мүгедектердің саны 16 330 адам. Оның ішінде I- топ – 1473, II — топ – 6675, III топ – 5523 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 2659 адамды құрайды.

          2019 жылы  мүмкіндігі шектеулі 75 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар-қараша  айларында 203 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: ақылы қоғамдық жұмыстармен – 40 адам, жастар тәжірибесімен – 12 адам, 93 адам тұрақты  жұмыспен, қысқа мерзімді оқумен – 57 адам және әлеуметтік жұмыс орындарымен 1 адам қамтылды.

          Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды, ең төменгі күн көріс деңгейі 25 967,0 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 130 663,0 теңгені құрады.

          2019 жылға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 273,2 млн. теңге қаржы қарастырылып, 1687 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 11 айында 1867 адам  қамтылды немесе 110,6%-ға орындалып отыр.

          Бағдарламаның І-ші бағыты «Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер және дағдылар» қысқа мерзімді кәсіптік оқу тетігі бойынша облыстық бюджет есебінен 136,6 млн. теңге бөлініп,  960 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда сұранысқа ие 32 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1044 адам жолданып, оның 808-і оқуын аяқтады.

          Ал, ІІ бағыт бойынша 2019 жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 801,0 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні 33 азаматқа 576,6 млн. теңгенің шағын несиесі берілді.

          Бағдарламаның III бағыты бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін  республикалық бюджеттен 78,3 млн. теңге қарастырылып, 200 жас түлек тартылуы жоспарланған, айлық жалақылары 63,1 мың теңге, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 332 жас маман жолданды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлініп, 25 адамды қамту  жоспарланса, ағымдағы жылдың басынан 43 адам жолданды.

          Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссиясының шешімімен тағайындалып төленуде. 2019 жылдың қарашаайына табыстары кедейшілік деңгейінен төмен

—  «Әлеуметтік көмек» жүйесі арқылы 1013 отбасының (508 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 503 отбасына шартты ақшалай көмек) 5059 адамына,

— «Е-Халық» жүйесі арқылы 8085 отбасының (1977 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 6158 отбасына шартты ақшалай көмек) 40 908 адамына 4 млрд. 302 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді.

          Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмегінің орташа мөлшері 5 есе өсіп, өтініш берушілердің саны 10,5 есеге көбейді.

          Табыстары кедейшілік шегінен асып кетуіне және толық мәлімет бермеулеріне байланысты 6593 өтініш берушілерге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.

          Ағымдағы жылы көпбалалы отбасыларына кемінде 3 бөлмелі пәтердің көлемі 60 – 90 шаршы метрден кем болмайтын, сомасы 8 млн. 400,0 мың теңгеден аспайтын,  жалпы соммасы 1 млрд. 172,7 млн. теңгеге143 пәтер сатып алынды.

          Өткен жылдан бері Тараз қаласында 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар кәсіпорындар мен ірі кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша 33 114 жұмысшысы бар 510 кәсіпорын жалақысын көтерді. Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша жалақыны көтеретін 61 893 жұмысшысы бар 5050 кәсіпорын бар болса, оның 36878 жұмысшысы бар 3586 кәсіпорын жұмысшылардің жалақысы көтергендігін растағандар. Аталған мәселе бойынша кәсіпкерлермен арғы қарай түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.

          Жалпы Тараз қаласында бүгінгі күнге 4087 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса оның 1286 кәсіпорыны еңбек ұжымдарында  ұжымдық шарттарға тұрған немесе 25,0 пайызды құрап отыр.

          Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 74 277 бала жаңа оқу жылын бастаса, оның ішінде күндізгі мектептерде 74 029 оқушы және кешкі мектепте 248 оқушы. Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 277, инклюзивті біліммен –168, үй жағдайында 451 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3264 балаға өскен (2018 жылы – 71 013 бала). Мұғалімдер саны 6182 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 171 мектеп алды даярлау сыныптарында 3372 бала білім алуда (2018 – 2019 оқу жылында – 186 сынып, 3672 бала).

          2019 жылы жалпы білім саласына 28 млрд. 704,0 млн. теңге бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 23,2%-ға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2019 жылға 1 млрд. 247,8 млн. теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 17980(2018 жылы – 10848 оқушы) баласының тегін ыстық тамағына – 837,5 млн. теңге, киім-кешекке 188,6 млн. теңге (11 593 балаға), жазғы мектеп жанындағы лагерьлерге 32,9 млн. теңге (7966 балаға), жазғы сауықтыру лагеріне 136,7 млн. теңге қарастырылған (3586 балаға). 

          Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №810 қаулысымен тегін ыстық тамақтың құны, бір балаға  450 теңге болып бекітілді.   Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 116 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 23, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай-ақ 60 мектеп бейне бақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 7 мектепке (№19,21,50,55,56,57,59) 17 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452-ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 2 мектепке  2 автобус (№50 орта мектеп және №59 орта мектепке) сатып алуға 28,9 млн. теңге қаржы қарастырылып, автобустар сатып алынды.

          Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2019 жылы №41 гимназияға биология кабинетін алуға 5,0 млн. теңге, №11 мектепке физика кабинетін алуға 6,6 млн. теңге, №18 мектепке химия кабинетін алуға 5,4 млн. теңге, 28 мектептің пандустарын талаптарға сәйкестендіруге 31,2 млн. теңге, 10 мектепке роботтехника кабинетін алуға 87,8 млн. теңге және  16 мектептің бейнебақылауын жаңартуға 54,6 млн. теңге қаражат қарастырылып, қазіргі таңда конкурс қорытындысы шығарылып, келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

          Сонымен қатар, №5, 45, 51, 54 мектептерден IT сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 39,8 млн. теңге қарастырылды. Мектептен тыс техникалық шығармашылық орталығынан технопарк ашуға 14,8 млн. теңге бөлінді.

          2019 жылы жалпы білім беретін 55 орта және 1 кешкі мектептің 11 сыныбын барлығы 2144 оқушы (күндізгі мектептерде -2042, кешкі мектепте -102) бітірді.

          «Алтын белгі» иегерлері -59, үздік аттестат иегерлері – 48, негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегерлері – 270.

          Ағымдағы жылы мектеп бітірушілердің саны 2144 оқушыны құраған, оның  1346 түлегі  (61,8%) ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірсе, нақты 1324-сі тестілеуге қатысты. 22 түлек өз еріктерімен тест тапсырудан бас тартқан.            Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 99,05 84,3 болып, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,75  балға артты (2018 жылы – 84,3). Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша  557 түлек 100 ден жоғары балға қол жеткізген.  Оның ішінде, ең жоғары 137 балл алған – 1 түлек(№8 гимназия),130 балдан жоғары алғандар – 27 түлек, 100 балдан жоғары алғандар – 529 түлек.  

          Мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру мақсатында 14,1 млн. теңге және 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау қызметіне 18,0 млн. теңге қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, баланы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру (edugarden.kz), 1-сыныпқа қабылдау және лагерьге жолдама беру (eduschool.kz) қызметтерін онлайн алуға болады.

          Есепті жылы №№8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

          Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқада күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстары. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылыс 2021 жылы жүргізу көзделуде. 

          Облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес:

—        «Шалғай-Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары;

—        2021 жылы «Арай» және «Қайнар» алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің құрылыстары жоспарлануда.

          Аталған нысандар бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжатамалары әзірленуде.

          Ал, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. 2020 жылы  жоғары тұрған бюджетке ұсынылатын болады.

          Қалада 64 мемлекеттік және 68 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 20 047 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен қамту 79,4% болса (2018 жылы – 76,1%), 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 100,0% құрайды (2018 жылы – 94,9%).

          Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 68 жекеменшік ұйымдарында 7779 бала тәрбиеленуде немесе 38,8%. Кезекке тіркелген балалар саны 17 496 бала, оның ішінде  3-6 жастағы балалар саны 100 пайыз қамтылған.

          2019 жылға жоспарланған 1454 орынның орнына 1534 орын ашылды (80 орынға артық орындалды).

          Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырыстарынан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктері іске асырылатын болады.

          Білім саласы бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында сенімгерлік басқаруға беруге 33 нысанның, оның ішінде: 10 орта мектептің асханаларының және 23 бала бақшаның тиісті құжаттамалары жоғары уәкілетті органға ұсынылды, атап айтқанда:

          Бүгінгі күнге, облыстық білім басқармасы тарапынан  асханалар бойынша 2019 жылдың 31 қазанында  конкурсқа берілді.                                 Ал, 23 бала-бақшалар бойынша (оның ішінде 21 жеке және 2 мемлекеттік бала-бақшалар) экономикалық қорытындылары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан 25.10.19ж.  алынып, конкурстық құжаттамалары жинақталып, сараптамаға жолданды (мерзімі 2019 жылдың қараша айының соңына дейін).

          2. —  «Бұрыл» тұрғын алқабында 140 орынға және «Барысхан» тұрғын алқабында 280 орынға арналған бала-бақшалардың құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

          Құрылыс жұмыстарының көлемі 29 млрд. 771,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады (2018 ж. – 28 318,9 млн. теңге).  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 452,8 млн. теңгеге артып отыр.

          2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 32 млрд. 305,6 млн. теңгеге 100 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 38 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

          Ағымды жылы «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар жүзеге асырылуда:

          — Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы және 8,9,10,11 мөлтек аудандарын, «Көктем» алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылға өтпелі;

          — Шалғай Қарасу алқабының Модарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 150,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде;

          — «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстарыда ағымды жылдан өтпелі болып табылады;.

          Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында төмендегі жобалардың құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтсақ:

          — «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету;

          — Ағымды жылы 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарінің қайта жаңғырту;

          — «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру,  арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру;

          «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 15 мөлтек ауданда егжей- тегжейлі жоспарға сәйкес, 265,6 га аумақта 5 қабатты 113 және 9 қабатты 20 тұрғын үйлер салынатын болса, қалған 96,4 га аумақта 669 жер телімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жоспарлануда. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға берілсе, 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 7-і ағымды жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек, 80 пәтерлі арендалық 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға қала бюджетінен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды. 

          Аталған бағдарлама аясында, «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 460 отбасына арналған 9 және 12  көпқабатты 49 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары 2020 жылы аяқталатын болады. Жалпы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021-2022 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда.

          Ал, аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

          Қаланы көркейту жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат)  абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

          Бұдан бөлек, «Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының,   көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.     

          Қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 262,3 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 107,7%-ды құрады (2018 ж. – 243,7 мың шаршы метр). Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 18 565 адам болып отыр (оның ішінде:  көп балалы отбасылар — 1784, 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1954;  әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 8953;  мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5874).Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға 2019 жылдың мамыр айында 140 пәтер берілді. Оның ішінде 65 көпбалалы отбасылары пәтермен қамтамасыз етілді.

          Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта жоғары тұрған бюджеттер есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі арендалық 5 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Оның 4-і қараша айында пайдалануға берілсе, 1-і келесі жылға өтпелі болып табылады. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы 15-ші мөлтек ауданында 80-пәтерлі 10 несиеге берілетін  тұрғын пайдалануға берілді.  Сондай-ақ, аталған алқапта, жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60-пәтерлі 11 кредиттік үйлердің құрылыстары жүргізіліп жатса, оның 3-і ағымдағы жылы іске қосылатын болады ал қалған 8 үй келесі жылға өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғын үйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.          Бұдан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақханалардың құрылысы басталса, ағымды жылы 5 жатақхананы пайдалануға беру көзделуде, ал 3 жатақхана келесі жылға өтпелі.

          Ал, 96,4 га аумақта жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында, жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 414 жер телімі берілсе, жеке инвесторлардың тарапынан бірыңғай сәулеттік стильдегі үйлерді салуға 255 жер телімі дайындалған. Бүгінгі таңда 255 жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4 мердігермен келісім – шарт жасалып, 36 котедждік үйлердің құрылысы аяқталып, 20 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымды жылдың 11 айының қорытындысы бойынша  11 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Осы жеке тұрғын үйлер жол, су және газ  желілерімен қамтамасыз етілсе, электр желілерімен қамту бойынша ЖСҚ-ы сараптамаға тапсырылуда.

          Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азаматтар кезекте тұр.  Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.

          Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамалары әзірлеу қала бюджетінен іске асырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоғары тұрған бюджеттер есебінен жүргізу көзделуде.

          Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 221 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылып, аталған жер участкелері 2005-2006 жылдары кезекте тұрған азаматтарға қайта рәсімделді.

          Тараз қаласының 2025 жылға арналған дамуының бас жоспары 2010 жылы бекітілген.

          Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатын аумақтар 55,7%-ға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта бас жоспарды толық орындау мақсатында жалпы 7 072 гектар көлемін  егжей-тегжейлі жоспарымен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп, үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады.

          2018 жылы, алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарды жобалау мақсатында қала орталығының 102 гектарға, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдық кешенінің 59 гектарға, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарға және «Көлтоған», «Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарға, жалпы 958 гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді. 

          Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқап» мәртебесін беру мақсатында жалпы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.

          Келесі кезекте, қаладағы 6 418  гектар құрылысы жүргізілген аумақтарда инженерлік геодезиялық жұмыстарын жүргізу (7347 гектарына немесе 53,4%-на тиісті  геодезиялық жұмыстары жүргізілген). Оның 2019 жылы 3086 гектары қала бюджеті және «Қала кадастр» кәсіпорыны есебінен топо түсіріліммен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

          2019 жылы қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млрд. 341,5 млн. теңге бөлінді.

          Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.

          Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 талдар әктелсе, 2004 электр бағаналары, 170 гүл сауыттары, 396 қоғамдық орындықтар, 290 қоқыс тастайтын жәшіктер, 200 мың шаршы метр аялдамалар және 4836 шаршы метр қоршаулармен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.

          Бүгінгі күні, Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар (оның ішінде: 151 – бір қабатты барак типтес үйлер; екі қабатты — 205 үй; үш қабатты — 21 үй; төрт қабатты — 164 үй; бес қабатты — 732 үй; алты қабатты – 2 үй; жеті қабатты – 1 үй; тоғыз қабатты – 16 үй; он қабатты  — 5 үй; он екі қабатты – 1 үй).

          Кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 1015 көп пәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 88,5 пайызды құрайды (барак типтес үйлерді қоспағанда). Бүгінгі күнге жалпы 143 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.        

          Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге 939 құрал орнатуды қажет етеді. Бүгінгі күнге, жалпы 874 құрал орнатылды немесе 93%. Оның ішінде:  «Жамбыл-Жылу» МКК – 90 құрал, «Теміржол-Жылу» МКК – 19 құрал, «София» ЖШС – 1 құрал, «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ – 8 құрал және «ТаразТрансЭнерго» МКК – 756 құрал.

           Жалпы, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігін іске асыру басталған кезеңде, 516 кондоминиум нысандары күрделі жөндеуді қажет еткен болса, 2011-2015 жылдары  республикалық бюджет есебінен жалпы 2 млрд. 158 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы қаражат есебінен және 784,0 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен  2011-2018 жылдары аралығында 228 үй жөндеуден өткен (114 үйге күрделі, 114 үйге ағымдағы).

          Ал, 2019 жылы қала бюджетінен 873,9 млн. теңгеге 24 үй және қайтарым қаражат есебінен 5 үй, яғни 29 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады («Жайлау» мөлтек ауданы №2,5А,9 үйлер, «Каратау» мөлтек ауданы №14,29,33 үйлер; «Талас» мөлтек ауданы №12,14,18 үйлер; «Самал» мөлтек ауданы №31,49,25,50 үйлер;  «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы №51,53 үйлер; «Салтанат» мөлтек ауданы №18,30 үй; «Ақбұлақ» мөлтек ауданы №12,6 үйлер, «Қарасу» мөлтек ауданы №6 үй, «Алатау» мөлтек ауданы №12,49 үй, Рысбек батыр көшесі 9, Төле би даңғылы бойындағы 5 үйдің қасбеті).

          2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша пәтер иелерінен қайтарылған қаражат 1 млрд. 433,0 млн. теңге немесе 84,0%-ды  құрады (жоспары 1 млрд. 700,0 млн.теңге).

          2019 жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына 148,0 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде Саңырақ батыр көшесінен Байзақ батыр аралықтағы дренаждық каналының 1700 метр арнасы, Ы.Дүкенұлы көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі Әшімбаев көшесі бойындағы «Қарасу-2» каналының 980 метр арнасы, Асқаров көшесінен «Бурыл» стансасына дейінгі аралықтағы «Қапал» каналының 650 метр арнасы механикалық тазаланды.

          Қала бойынша жалпы 8 канал бар, ұзындығы — 82,55 шақырым, оның ішінде: «Сеңкібай» — 10 шақырым, «Қапал» — 10 шақырым, «Үшбұлақ» — 13,9 шақырым, «Қарасу-1» — 3,35 шақырым, «Қарасу-2» — 12,4 шақырым, «Төрегелді» — 5,7 шақырым, «Базарбай» — 3,2 шақырым,  «Түйте» — 24 шақырымды құрайды.

          Дренаж каналының саны — 2, ұзындығы 12,7 шақырым, олар: «Оңтүстік құрғату» — 10 шақырым, «Тайвань алқабын құрғату» — 2,7 шақырым.

          Қаланың ирригациялық арық жүйелерінің жалпы ұзындығы — 164 шақырым, оның ішінде: лоток жүйесі — 21,4 шақырым, суармалы жерлердің көлемі – 9,1 шақырым. Гидротехникалық құрылғылар саны — 24 дана, құбыр өткелдердің саны — 560 дана, каналдағы су қалқаншасының (шлюз) саны — 71 дана, арық жүйесіндегі су қалқаншасының саны — 120 дана.

          Қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етілуде. 2019 жылға осы салаға 613,4 млн. теңге қарастырылған.

          Қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін модернизациялауды  іске асыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған.

          Аталған жобаға Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, «Everlight Alto» Консорциумы әріптес болуға ниет білдіріп отыр.

          2019 жылғы 1 қазандағы облыс әкімінің  бірінші орынбасары Б.Орынбековтың төрағалығымен «Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін модернизациялауды іске асыру жөнінде» өткен жиналыста, «Everlight Alto» Консорциумы қаланың 29 көшесінесыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша жасалған ЖСҚ-ның құнын сатып алу мәселесін қарастырып отыр.

          Қазіргі кезде, жоғары тұрған уәкілетті органдар ниет білдіруші әріптеспен бірлесе  атқарылатын жұмыстардың көлемін және алдағы жылдары өтелетін шығындардың көлемін анықтау жұмыстарын пысықтауда.

          Бұдан басқа, қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылуда.

          Қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны — 170, бұрылыстар — 50, мөлтек аудандар — 13, тұрғын алқаптар — 5, жалпы ұзындығы — 476,82 шақырымды құрайды.

          Қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшіріліп, нәтижесі зерделенуде, атап айтқанда:

          Сүлейменов — Жалаири, Сүлейменов — Крупская, Балуан Шолақ — М.Мәметова, Абай — Сухамбаев, Сухамбаев — №5 орта мектеп алдындағы бағдаршам, Жамбыл-Сенкібай, Төле би –«Хром зауыт» аялдамасы алдындағы бағдаршамдар.

          Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Петров көшесінің қиылысы маңындағы бағдаршам алынып тасталды.

          Тараз қаласындағы 10 көше қиылыстарында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген (оның ішінде:Төле би даңғылы — Әл-Фараби көшесі қиылысы,  Жібек жолы — Самарқанд көшелері қиылысы,  Жібек жолы — Балуан Шолақ көшелері қиылысы,  Тәуке хан — Саңырақ батыр көшелері қиылысы,  Жамбыл даңғылы — Көшеней көшесі қиылысы,  Төле би даңғылы — Аққозиев көшесі қиылысы,  Абай даңғылы — Ташкент көшесі қиылысы,  Жамбыл даңғылы — Қазыбек би көшесі қиылысы,  Жамбыл даңғылы — Қонаева көшесі қиылысы,  Тауке хан — Б.Момышұлы көшелері қиылысы.

          2019 жылдың соңына дейін 2 қиылыста аталған бағдаршамдар орнату жоспарланған. (Олар: С.Сейфуллин — Б.Момышұлы көшелері, С.Сейфуллин — Т.Рысқұлов көшелері)

          Қоғамдық көлік қатынайтын 83 көше бар, ұзындығы 762 шақырымды құрайды.Жолаушы тасымалымен 10 мекеме айналысады.  Күнделікті 43 бағыт бойынша әртүрлі маркадағы 465 бірлік автобуспен шағын автобустар қызмет көрсетеді. Жалпы резервпен қоса тіркелгені 670 дана. Оның ішінде пайдалану мерзімі 3 жылға дейін 198 дана (29,5 %), 5 жылға дейін 286 дана (42,5 %), 186 данасы 7 жылдан жоғары (28,0 %).

          2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 370,1 млн. теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқаптарына қиыршық тас жолының құрылысы аяқталса, Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

          Жалпы қаладағы 42 көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына  1 млрд. 551,0 млн. теңге бөлінсе және 130  көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 330,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара  және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

          «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Тараз қаласында бойынша бүгінгі күні 4 негізгі бағыт бойынша (ТКШ, қауіпсіздік, білім беру, көлік,) жұмыстар жүргізілуде.

          Осы бағыттардың бірі «Open-Akimat» форматында, бір мезетте түрлі мәселелердің шешіміне «бір терезе» қағидасымен сапалы қызмет көрсету мақсатында  қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы және жер қатынастар бөлімдері Жүнісалиев көшесі, №1 мекен –жайға орналасып, жұмыс істеуде.

          Сондай-ақ, «Жәрдем» — 109 бірыңғай диспетчерлік коммуналдық қызметі орталығын ашу бойынша, бүгінгі күнге Төле би даңғылы, №35 мекен-жайда 2-ші қабаттағы 248 шаршы метрді құрайтын тұрғын емес жайдан ашылды.

          Ал, білім саласы бойынша №41 мектеп гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді, 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Қаладағы 41 мектепте Wi-Fi сымсыз ғаламтор желісі орнатылса, 5 мектеп робототехника кабинеттерімен қамтылды. Бұдан басқа, облыс орталығында республикалық деңгейде алдыңғы қатарда саналатын «Тараз-Hab» IT-мекемесі 4 мектепке (№5,  45, 51, 54)  IT кабинетін жабдықтау жұмыстарын бастады. Жыл соңына дейін орта мектептерде 10 дана робототехника сыныптарын ашу көзделуде.

          Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ-ның базасында 67 информатика мұғалімдерін бағдарламалау,  робототехника,  3D модельдеу бойынша оқыту және кәсіби дамыту, мектептерге 706 дана компьютер және мультимедиялық техникамен жабдықтау, мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру,  фото және бейнежазу жүйесін және мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем  жүйесін енгізу, виртуалды және толықтырылған шындық зертханасын ашу, 2019-2020 оқу жылдарында 4-сыныпқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері» пәнін енгізу жоспарлануда.

          Бұдан басқа кітапхана оқырмандарымен бірлесе шығармашылық  іс-әрекет жасау мақсатында М.Шолохов кітапханасынан «Коворкинг» орталығы ашылды.

          Бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында «Е-архитектура» жүйесін қалыптастыру жолымен электронды картасын жүйелендіру басталады.

          Көлік саласын цифрландыру бойынша қаладағы жолаушылар маршруттарын үздіксіз қозғалыс кестелерінің және жылдамдық режимдерінің сақталуы үнемі қадағаланып отыратын online режимінде GPS-навигациялау taraz-bus.kz сайты жетілдірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 43 бағыттағы 670 қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру құрылғысын енгізу жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқталатын болады.

          Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1719 бірлікті  құрап, өткен жылмен салыстырғанда саны 103 дәрігерге төмендеп отыр (2018 жылы – 1822). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 33,5 промильді құрайды (2018 жылы 38,6 промиль). Ал, орташа медициналық қызметкерлер саны 6241 бірлікті құрап, өткен жылдың деңгейінде қалыптысты(2018 жылы – 6241), қамтылу көрсеткіші 136,7 промильді құрайды (2018 жылы – 164,9 промиль).

Есепті кезеңде бір ана өлімі тіркелген  (2018 жылы – 1 оқиға).Ол Сафиева Наргиза Егешқызы, 1985 жылы 29 қазанында туылған. Тараз қаласының тұрғыны. Ана өлімі №7 қалалық емханада  2019 жылдың 14 қазанында орын алған. Диагнозы бойынша жылдам түріндегі энтеровирустық инфекция, өткір вирусты миокардит. 14-15 апталық жүктілікте болған.

Нәресте өлімі 64 оқиғаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 43 оқиға). Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, нәресте өлімінің өсуі жүкті әйелдердің жүктілік кезеңінде алдын-ала арнайы медициналық тексерулерден уақытылы өтпеуінен және инфекциялық, қан айналым жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің сырқатттану салдарынан орын алып отыр. (№1 қалалық емхана – 4, №2 емхана –16, Жамбыл облыстық диагностикалық-кеңес беру орталығы (№3 емхана) -5, №4 емханада – 10, №5 емханада – 6, №6 емхана – 4, №7 емхана – 1, мейірім медициналық орталығында (№8 емхана) – 8, №9 емхана – 8, болашақ медициналық орталығында – 2). Түберкулезбен ауырғандар саны 154 адамды құрап, 19,4 пайызға төмендеген (2018 жылы – 191 адам). Туберкулез ауруынан қайтыс болғандар саны 13 адамды құрап, 18,2 пайызға өскен(2018 жылы – 11 адам).

          2019 жылдың 11 айында 316мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 167 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі  бойынша 1518 мәдени іс – шара өткізілді, қатысқан оқырмандар саны 96 822 адамға жетті.

          Қалалық мәдениет үйінде 25 (клуб құрылымы) үйірме жұмыс істейді.  Оның  ішінде 19 ұжымның «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар. Қатысушылар саны 823. Олар «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі, «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хор ұжымы, «Қарахан» ұлт-аспаптап  ансамблі, «Бозторғай» ән-би ансамблі,  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі, «Өрлеу» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Ривер-данс» балдық би ансамблі, «Дулати» халықтық жастар театры, «Асыл-Аналар» халықтық әжелер ансамблі, «Камертон» вокалды тобы, «Мерей» халықтық вокалды тобы, «Вояж» балеті, «Планета» халықтық театры, «Маричка» халықтық украин вокалды тобы, «Жансарай» халықтық театры, «Шаттық» үлгілі хор ұжымы, «Нұршашу» үлгілі камералық оркестрі, «Жас толқын» үлгілі синтизатор  ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар  ансамблдері.

          Жасөспірімдер мен жастардың қызығушылықтарын арттыру  мақсатында  қалалық мәдениет үйінде  «Үкілі ару», «Грация» би, домбыра, қолөнер және көркем сурет жалпы 6 тегін үйірме жұмыс істеуде. Үйірмеге  қатысушылардың саны 131 адамды құрайды.

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының тапсырмасына сәйкес көшелердегі  аншлагтарды  жаңа үлгіге сәйкес  ауыстыру  бойынша  бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2018 жылы – 226 көшенің аншлагы ауысса, ағымдағы жылы 386 көшенің аншлагтарын ауыстыруға  қалалық бюджеттен 12,5 млн. теңге  қаржы бөлініп,  қазіргі таңда «Kaz in Capital»  ЖШС-гі тарапынан ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың әлеуметтік экономикалық өміріне жастарды белсенді тарту, жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қаланың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен байланысын жүзеге асыру мақсатында құрылған қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуде.

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінгі таңда қалада 4 аула клубы мен 33 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

Бұдан бөлек, 4 аула клубын ашу жоспарлануда. Олар: «Астана», «Байтерек» мөлтек аудандарында және «Шалғай Қарасу», «Құмшағал» тұрғын алқабында.

Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша, ағымдағы жылы 114 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 175 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты.

Қазіргі таңда, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 107 мыңнан астам  адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,9 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейін жасөспірімдер – 22 512 адам, 14-29 жас арасындағы жастар – 48 754 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында – 36 033 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қалада 522 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның 459-і мемлекеттік және 63-і жекеменшік иесінде болып табылады.                                         Қалада  спорт саласын дамыту мақсатында 2019 жылы спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы іске асырылатын 47 алаңша. Олар:  

— Бюджет қаржаты есебінен ашылған алаңшалар: «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Жауғаш батыр көшесі және Дорожник тұрғын алқабындағы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары, 1 «Street Workout» алаңшасы «Қарасу» мөлтек ауданы «Балауса» аула клубының маңында  және 3 бірлік «Street Workout» (Қарасу мөлтек ауданында, Сатпаев көшесі, 64 үйде, Тастақ, Жанболат көшесінде 2018 жылдан өтпелі) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 25 спроттық алаңшаларына (1 әмбебап және 24 футбол алаңшаларына) қалалық бюджеттен 47,3 млн. теңге бөлінді.

— Демеушілер есебінен – 7 алаңша. Оның ішінде: «Самұрық қазына трафт» корпораициялық қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Аса» мөлтек ауданында  кіші футбол алаңшасына жер белгіленген, жұмыстар жүргізілетін болады. 5 спорттық алаңшалардың құрылысын «Тұрғын Үй Жөндеу» ЖШС-ң есебінен жүргізу жоспарлануда.

— Жекеменшік – 9 алаңша. Оның ішінде:Саңырақ Батыр көшесі, 31 мекен-жайда 3 спорттық залдардан тұратын «Мирас Арена» спорт кешені, «Dostyk-life» кешенінде 1 кіші-футбол алаңшасы, Д.Бедный көшесі, 33 мекен жайында 1 футбол алаңы, Жансая 43б мекен-жайында 2 кіші-футбол  «Алаш Арена» спорт алаңшалар кешені, «Жеңіс» саябағында 2 кіші-футбол алаңшасы, Әл-Фараби көшесінің бойынша 2 кіші-футбол «Дарын» спорт алаңшалар кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, паралимпиада чемпионы З.Габидуллина «Жансая» мөлтек ауданы, 34 үй ауласына 1 әмбебап спорт алаңшасын салып берді.

Бұдан басқа өткен жылы қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы алаңшаларды соққан жауапкершілігі шектеулік серіктестіктер өз қаражаты есебінен 6 алаңша қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде барлығы 4852(2018 жылы – 5547) жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 12,5%-ға төмендеп отыр.  Оның ішінде, қасақана кісі өлтіру 28,6%-ға  (21-ден 15-ке), ауыр дене жарақаты23,9%-ға (46-дан35-ке), тонау 18,6%-ға (70-тен 57-ге), нашақорлық 31,9%-ға  (94-тен 64-ке)  төмендеген.Бұзақылық 64,3%-ға (14-тен 23-ге), ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 32,7%-ға (373-тен 495-ке), зорлау 8 есеге (1-ден 9-ге), зорлау әрекеті 2,5 есеге (2-ден  7-ге), ұрлық 4,1 есеге (31-ден 159-ға), оның ішінде ұялы телефон ұрлау 19,5 есеге (2-ден 41-ге), қарақшылық 42,9%-ға(7-ден 10-ға)өсіп отыр. Жалпы қылмыстар бойынша  ашылу деңгейі 2,3%-ға (48,0%-дан50,3%-ға) өсіп отыр. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 3,3%-ға (80,1%-дан 83,4%-ке) өсіп отыр.

Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 13,9%-ға өсіп, 82 деректі  құрап отыр (2018 жылы — 72 дерек).

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 3,4%-ға өскен(446 деректен 461 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 627 адамды құрап, 7,0%-ға(2018 жылы 586 адам)өссе, ал, кісі өлімі 14 адамды құрап өткен жылдың деңгейінен 30,0%-ға төмендеді (2018 жылы 20 адам).

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау