Версия для слабовидящих

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың назарына

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың назарына

2019 жылы тағайындалған АӘК 2019 жылдың 31 желтоқсанына  дейін төленеді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атаулы әлеуметтік көмектің Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты,  АӘК тоқсан сайын тағайындалады.

Отбасының барлық мүшелеріне АӘК отбасының жиынтық табысы мен кедейлік шегінің айырмасы мөлшерінде төленеді.

Бала күтімімен ақысыз демалыста бала 3 жасқа толғанға дейін қарастырылады. Бала 3 жасқа толғаннан кейін, жұмысқа жарамды азаматтар Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін, «Еңбек» бағдарламасына қатысуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылдың 26 тамызындағы №459 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидасына сәйкес, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай төленеді.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау