Версия для слабовидящих

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2019 жылдың жария талқылау үшін есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес білім беру саласында 26 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 26 қызметтің 16-сы (6-ы электронды, 7-уі қағаз, 13-уі қағаз және электронды түрде (баламалы түрде)  білім бөлімі, балаға білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес білім бөліміне қарасты мекемелерде 7 мемлекеттік қызмет түрі, оның  5-і қағаз түрінде, ал  2 қызмет қағаз және электронды түрде ұсынылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 150620 -ны  құрады, оның ішінде:

-электронды түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және  мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметінің үлесі — 55,6 % 83782,  қағаз түрінде көрсетілген қызметінің үлесі — 44,3 % 66838 қызмет көрсетілді. Атап айтсақ:

— мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау  қызметінің үлесі — 0,7 % (10559);

— бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау қызметінің үлесі —   0,4 % (653;

— шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну қызметінің үлесі — 0,2  % (3293);

-мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру қызметінің үлесі —    0,5 % (8430);

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою қызметінің үлесі —   % (20972);

— бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызметінің үлесі — 0,6 % (9929);

3) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну қызметінің үлесі — 4 % (7034);

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету %;

—  дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу — 1 % (155);

— «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау — 0;

-«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау — 0;

— мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау —  1 % (17);

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдардың педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санатын беруге (растау) аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау -2 % (3190);

— жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу — 1 % (77);

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою -2 %  (540);

— жетім баланы (жетім балаларды) және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау — 1 % (19);

— баланы (балаларды) патронаттықтәрбиелеуге беру -1 % (19);

— патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау- 1 % (19);

— бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою — 1 % (45);

— жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау — 1 % (6);

— негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру — 2 % (194);

Білім бөлімі саласында Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

-қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру — 0;

-бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мүлкіне иелік ету және мұра ресімдеу үшін анықтама беру — 2 % (277);

-кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру — 1 % (108);

-мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою– 1 % (65);

— негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында рұқсат беру және оқыту — 1 % (2);

-негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру — 2 % (414);

www.e.gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет

— қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру -0;

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою — 7 % (10559);

— негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру — 1 % (1);

         Халықты ақпараттандыру мақсатында білім бөлімі сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар және аталған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Сонымен қатар, халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мен оған қолжетімділігі мақсатында барлық білім беру ұйымдарында көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, регламенттер, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты орналастырылған «мемлекеттік қызмет» бөлімі жұмыс істейді.

2019 жыл ағымында білім саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну туралы халықты хабардар ету мақсатында білім бөлімімен қалалық БАҚ-да бірнеше рет тиісті мәліметтер жарияланды (барлығы 6 мақала).

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім бөлімінің фойесіндегі стендтерде, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің интернет-ресурсындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде орналастырылған.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау