Версия для слабовидящих

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Бөлімде әкімдіктің  ұйымдастыруымен  «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды.

Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік  «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асты және онда қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.

Сонымен қатар, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында «Open space» жобасы қолға алынып, жер қатынастары  бөлімі басшысының қызметтік бөлмесі қайта жабдықталып, ашық кеңседе жұмыс істей бастады.

         Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлерінің бұйрықтарына  сәйкес жер қатынастары саласында жалпы саны 12 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

4) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

5) «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

6) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»;

7) «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату»;

8) «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу»;

9) «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»;

10) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

11) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

12) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».

Оның ішінен: 3 (үш) мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау», халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ)   арқылы электронды түрде көрсетіледі:

1) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» .

5 (бес) мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламентерге сәйкес қағаз түрінде көрсетіледі:

1) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»;

2) «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату»;

3) «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу»;

4) «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»;

5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

Сонымен қатар, келесі 4 (төрт) мемлекеттік қызметтер стандарттары бойынша Бөлімге өтініш түспеген:

1) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

2) «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

3) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

4) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».

2018 жылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 2539  құрады, оның iшiнде 505 өтініштер қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі арқылы және 2034 «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген. 

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 6877 құрады, оның iшiнде 3123 өтініштер  халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 3754 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

2018 жылға қарағанда, 2019 жылы қосылған жаңа қызмет түрлері қағаз түрінде болғанына байланысты, қағаз түріндегі көрсетілген қызметтердің саны көбейген.

№ р/с Жылдар «Е лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілгені Қағаз түрде көрсетілгені Барлығы
1 2018 жыл 2034 505 2539
2 2019 жыл 3123 3754 6877

         Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен QR-коды бар стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлкеттік қызметтер бойынша атқарылып жатқан ақпараттарды бөлімнің фейсбуктағы және  инстаграмм парақшаларынан көре аласыздар.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау