Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің 2019 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі

         Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 тамыздағы № 898 Жарлығы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы, нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, азаматтық хал актілерін тіркеуді және қамтамасыз ету бойынша тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін бойынша жөніндегі функцияны қоспағанда, жергілік атқарушы органдарға берілген.

         АХАТ бөлімшесі 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі жұмыс сапасын және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесінкөтеруде, сонымен қатар халықтың табиғи козғалысын толық және уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлерімен  бірқатар жұмыстар атқарылуда.

         АХАТ бөлімшесінің негізгі міндеті азаматтық хал актілерін уақтылы тіркеу болып табылады.

2018 жылы АХАТ бөлімшесінде 18857 акт жазба тіркелінген. Оның ішінде: туу — 10131, неке қию — 3444, неке бұзу — 1308, қайтыс болу — 2628, әкелікті анықтау — 1162, бала асырап алу — 44, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту — 140, туу туралы акт жазбаларды қалпына келтіру – 127.

2019 жылы АХАТ бөлімшесінде 19388 акт жазба тіркелінген. Оның ішінде: туу — 10369, неке қию — 3335, неке бұзу — 1490, қайтыс болу — 2745, әкелікті анықтау — 1118, бала асырап алу — 47, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту — 196, туу туралы акт жазбаларды қалпына келтіру –88.

Уақыты Тууды тіркеу Қайтыс болуды тіркеу Неке қиюды тіркеу Неке бұзуды тіркеу Әкелікті анықтау Ұл-қыз асырап алу Аты-жөнін ауыстыру Тууды қалпына келтіру
2018 жыл 10131 2628 3444 1308 1162 44 140 127
2019 жыл 10369 2745 3335 1490 1118 47 196 88
+ (-) +238 +117 -109 +182 -44 +3 +56 -39

Тууды тіркеудің мерзімінің бұзып тіркеудің себептеріне сараптама жүргізгенде анықталғаны. Өткені 13.08.2007 жылдан бастап жаңадан туылған нәрестеге ЖСН (ИИН) жеке дерекқорға ата-анасының жеке куәліктеріндегі мәліметтері енгізілуі арқылы жүргізілетін болғандықтан, кейбір ата-аналардың жеке куәліктері болмауына байланысты жаңа туылған нәрестенің туылуын  тіркеу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу   туралы»     2016   жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (бұдан әрі — Кодекс) өзгерістер және толықтырулар енгізілгендігі жөнінде хабардар етеді.

Негізінен, өзгерістер мен толықтырулар балалар құқықтарын қорғау мәселелері,  оның ішінде, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелеріне бағытталған. Осылайша, асырап алушылардың жасына шек қою талабы алынып тасталған, балаларды отбасына орналастырудың жаңа нысаны «бала қонақтайтын отбасы»  енгізілді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар және өз отбасына  балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін құру туралы нормалар қабылданды.

Баланың тууын тіркеу мерзімі айтарлықтай өзгертілген. Осылайша, егер бұрын баланың тууы туралы өтініші оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдармен тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екi айдан кешіктірмей беруге тиіс болса, енгізілген  түзетулерге сәйкес баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде берілу қажет.  Сондай-ақ, бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамымен өтінішті беру  мерзімі  босанған кезден бастап бес тәуліктен бір жұмыс күнге дейін қысқартылған (Кодекстің 189-бабы).

Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету түрі болып табылады және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер оны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуге міндетті.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, тиісті стандарттың жобасы әзірленіп, келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жолданған.АХАТ бөлімшесінің қызметкері перзентхада медициналық қызметкерлерімен және перзентханада босанып жатқан жаңа туған аналармен кездесіп, жаңа туылған нәрістеге туу туралы куәліктің 3 күн мерзімдерін түсіндіріп насихаттайды.

         Халыққа көрсететін іс сапасын көтеру мақсатында 2006 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Күн сайын АХАТ бөлімшесіне 130-150 өтініштер келіп түсуде, көрсетілген көлемде құжаттар дайындалып Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіліп тұрады.Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру мақсатында, «электрондық үкімет» порталы арқылы Некеге тұру (туу тіркеу) өтініштерін қабылдауы жалғастыруды жылдан жылға азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініші, сұраныстары және басқа қалалардан келіп жатқан өтініш-сұрақтары көбейіп жатқаны анық.АХАТ бөлімшесінің қызметкерлері нақты және тез арада өтініштерді қарастырып уақытылы жауаптар мен құжаттарды беруге тырысады.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің  ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау