Версия для слабовидящих

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Тараз қаласы                                    №99                               21 қаңтар 2020 ж.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы           №104 қаулысы және «Нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің  2012 жылғы 10 желтоқсандағы №1097 және «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің                 2019 жылғы 27 қарашадағы №4082 қаулылары  негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:­

1. Тараз қаласының Бас жоспарын және бекітілген егжей-тегжейлі жобалау жоспарын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы, «Құмшағал-Шалғай Қарасу» 369 га аумағындағы тұрғын алқабын орналастыру үшін төмендегі меншік иелерінен жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Мейрамкул Конырбаевна Карыбаеваның жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, №085 есептік квартал, №5 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 10,0 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-085-050);

2) Мейрамкул Конырбаевна Карыбаеваның жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, №086 есептік квартал, №1 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 40,0 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-086-089);

3) Абай Акрамович Мадалиевтың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (2050 жылдың 24 қаңтарына дейін мерзімге жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы, №087 есептік квартал, №78 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін,   көлемі   36,3780   га   жер   телімі   (кадастрлық   нөмірі  06-097-087-078);

2

4) Абай Акрамович Мадалиевтың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (2050 жылдың 24 қаңтарына дейін мерзімге жалға алу) құқығындағы

Тараз қаласы, №087 есептік квартал, №76 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 55,36 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-087-076);

5) Жаксыбек Маркабекович Бурибаевтың жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, «Пригородный» өндірістік кооперативінде (№085 есептік квартал, №199 жер телімі) шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі             3,9700 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-085-199);

6) Ляззат Икрамовна Ильденбаеваның уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (49 жылға мерзімге жалға алу)  құқығындағы Тараз қаласы,         №085 квартал №178 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі           1,7000 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-085-178);

7) Бахтияр Алимбекович Избасаровтың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (2053 жылдың 28 желтоқсанына дейін мерзімге жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы, «Н.Рысқұлов» шаруа қожалығындағы                  (№085 есептік квартал №19 жер телімі) шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 3,14 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-085-019);

8) Абдибек Абдрахимулы Абдрамановтың жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, «Құмшағал» шағын ауданы, №1 «У» жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 5,0 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-085-002).

2. Тараз қаласының Бас жоспарын және бекітілген егжей-тегжейлі жобалау жоспарын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы, «Зербұлақ» су қоймасының айналасын қайта жаңғырту үшін төмендегі меншік иесінің жер учаскесі және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Сакен Темирболатович Кабдуллинның уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзімге жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы, Қалаур Әкім көшесі, №6 жайдағы мүгедектерді емдеу-сауықтыру орталығы құрылысы үшін, көлемі 1,2395 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-028-911).

3. Тараз қаласының Бас жоспарын және бекітілген егжей-тегжейлі жобалау жоспарын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы, «Жеңіс» саябағына көлік тұрақ ұйымдастыру үшін төмендегі меншік иелерінен жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) «Елім Строй Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов көшесі, №1 «А» жайдағы сауда үймен көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін, көлемі 0,3200 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-010-513);

2)  Гани Айтуганович Рыспановтың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (2056 жылдың 9 қазанына дейін мерзімге жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов көшесі, №3 «К» жайдағы сауда үймен көпқабатты тұрғын үй құрылысын салып, оған қызмет көрсету үшін, көлемі 0,1135 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-010-626).

3

4. «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018  жылғы 14 наурыздағы №469 қаулысының 6- тармағының         2, 3- тармақшаларының және 2018 жылғы 6 қарашадағы №2662 қаулысының    1- тармағының күші жойылды деп танылсын.

5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 — деп көрсетілсін.

6. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Н.Аблешов) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер  учаскесін  беру туралы, сонымен қатар мүліктерді бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.

7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Н.Аблешов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай — коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (З.Тұрсынұлы) меншік иелеріне жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты жылжымайтын мүлік пен жер учаскесін сатып алу бойынша келісім шарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.

8. Сатып алынған жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылдансын және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің            85-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.

9. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін деп айқындалсын.

10. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сарытайға тапсырылсын.

Қала әкімі                                                                          А.Қарабалаев

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау