Версия для слабовидящих

Тараздық тұрғындардың тілегі көп

Тараз қаласындағы «Астана» мөлтекауданында орналасқан №53 мектепте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Кездесу барысында әкім өткен жылы көне шаһардың түрленгенін, бірқатар нысандар салынып, ел игілігіне берілгенін атап өтті.Хамит ЕСАМАН

Тараздық тұрғындарды шаһарда бастау алған тың бастамаларға қолдау білдіруге шақырды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен салынып, пайдалануға беріліп жатқан пәтерлер мен жатақханаларға да ерекше тоқталды.

Алайда Таразда тындырымды тірліктер көп болғанымен, мәселелері де баршылық. Тараз қаласының тұрғындары Айтқазы Қарабалаевқа сауалдарын жолдап, жер телімінің, тұрғын үй кезегінің алға жылжымайтынын айтты. Сондай-ақ тұрғындар тұрғын алқаптардағы жол, жаяу жүргіншілер жолы, ол жерлерге жол белгілерін орнату, қоғамдық көлік қатынасы, балалардың спорт алаңшаларының құрылысы және арықтарды ағын сумен толтыру мәселелерін де көтерді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев бұл мәселелердің алдағы уақыттарда кезең-кезеңімен шешімін табатынын, бірінші кезекте қалаға қосылған «Шөлдала» аумағында орналасқан 28 саяжайдағы тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелеріне басымдық берілетінін жеткізді. 

Жамбыл облысы

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау