Версия для слабовидящих

Номиналы 2000 теңгелік банкнотаға қатысты

Номиналы 2000 теңгелік

Банкнотаға қатысты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы (бұдан әрі — филиал) қазіргі уақытта айналыста ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар екенін хабарлайды.

Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталынған.

Банкноттардың екі түрі де заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Сұрақтар туындаған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына мына телефондар бойынша хабарласуға болады:8 (7262) 99-93-41 (ішкі. 2832, 2887, 2833). 

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау