Версия для слабовидящих

2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының

                                                        (кезекті кырқыншы сессия)

ШЕШІМІ

Тараз қаласы                                    № —3                 2019 жылғы     желтоқсан

2020-2022 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына  сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1)  кірістер – 65 643 817 мың теңге, оның ішінде:

               салықтық түсімдер – 11 483 496 мың теңге;

               салықтық емес түсімдер – 183 008  мың теңге;

               негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 4 483 059 мың теңге;

              трансферттер  түсімі – 49 494 254 мың теңге;

          2) шығындар – 61 471 053 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

              бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

              бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 216 202 теңге:

    қаржы активтерін сатып алу – 216 202 теңге;

    қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) –  3 956 562 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) —                              -3 956 562 мың теңге:

              қарыздар түсімі –  0 мың теңге;

              қарыздарды өтеу – 3 956 562 мың теңге;

             бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 теңге.

2. 2020 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 300 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2020 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі  тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихат                                                      Тараз қалалық

 сессиясының төрағасы                                           мәслихатының хатшысы

 _____________________                                            _____________________

       М.Мырзахметов                                                                Б. Кулекеев

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау