Версия для слабовидящих

«Сұрақ-Жауап» айдары

Сұрақ:  Инара Сейдазимова, Тараз қ., Рахмати көш, 15 үй

  • Сайлаушылардың тізіміне енгізу үшін не керек екенін білгім келеді?

Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті органдар көші-қон органдары болып табылады.

Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау) мен қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын растайтын, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттардың негізінде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, тіркеуге құқығын растау үшін құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкері меншік иесінің ЖСН бойынша Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан алады.

Тіркеу:

тұрғын үйлер мен пәтерлерде;

бағбандық серіктестіктер мен кооператвитердің  саяжай құрылыстарында;

демалыс орындарында, жатақханаларда, қонақүйлер мен емдеу-сауықтыру орталықтарында, интернаттар мен қарттар үйлерінде және қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Азаматтардың жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы — ескерту жасауға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы – жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда аталған, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау